Саясат

Ринат Зайытов депутаттық қызметінен айырылуы мүмкін

Қазақстанда ҚР Мәжілісінің депутаты Ринат Зайытовтың өкілеттігін тоқтату туралы петицияға қол жиналып жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ulysmedia.kz мәліметінше, петиция талаптарын 3,5 мыңға жуық адам қолдап үлгерген. Автор Айбек Амантаев «Адырна» ұлттық порталына берген сұхбатында Ринат Зайытов Қазақстанда барлық алаяқтықтардың 80%-ын намаз оқитындар жасайтынын айтып, сол арқылы ел азаматтарының ар-намысы мен қадір-қасиетін негізсіз қорлағанын қазақстандықтардың есіне салған.

Егер Ринат Зайытовтың анықтамасына сенетін болсақ, Қазақстан Республикасының 15,6 млн азаматы алаяқтар және алаяқтық әрекеттер жасайды, бұл шындыққа жанаспайды,

деді петиция авторы.

Ол бұл сөз қоғамдық резонанс тудырып, еліміздің қоғамдық тұрақтылығына қауіп төндіретінін айтты.

Демократиялық қоғамда мұндай сөздерге жол берілмейді.

Еске салайық, жуырда берген сұхбатында Ринат Зайытов мектептерде балаларға арналған намаз бөлмелерін ашу туралы пікір білдірді.

Мектептерде намазхана болса, онда буддистердің, христиандардың, яхудилердің өзінің діни құлшылығын жасайтын бөлмелер ашып берейік. Біз зайырлы мемлекетпіз. Біз барлығының құқығын тең сақтауымыз керек.

Бұдан кейін ол Ислам дінін қабылдаған рэп-орындаушының сөзін мысалға келтірді.

Айс Кьюб деген рэп орындаушы «сіз мұсылман дінін қабылдағансыз ба?» деген сұраққа «жоқ» деп жауап беретін. «Неге мойындамайсыз?» десе, «өйткені менің бойымда ұялатын дүние көп» дейтін. «Сондықтан мұсылманмын деп айтуға ұяламын. Ертең басқа мұсылман менің қателігімді қайталамасын» дейтін. Мен сізге факт айтайын. Қазақстанда жасалып жатқан алаяқтықтардың 80 пайызын жасап отырған қауым – намаз оқитындар. Өтірік десе бетіме бассын. Тіпті қарапайым базарға барыңыз, басқа жерге барыңыз «Алла» деп тұрып адам алдап жатыр. Онда жанашыр адамдар осыны түзетсін,

дейді Ринат Зайытов.

Осы мәлімдемесінен кейін депутатқа қазақстандық актер Нұртас Адамбай шүйлікті. Ол мәжілісменнен айтқан сөзін дәлелдеуді талап етті.

Біздің еліміздегі алаяқтық әрекеттердің 80% -ын намаз оқитын адамдар жасайтыны туралы сөздеріңізге дәлелдер келтіруді сұраймын. Әйтпесе, мен сізді мылжың деп қабылдаймын. Ал мылжыңдарға парламентте орын жоқ. Аллаға сенушілерге күйе жағатын сөздеріңізге дәлел келтірмесеңіз, депутаттық креслоны босатып, оны лайықты адамға беруіңізді сұраймын. Өз сөздері үшін жауап бере алмайтын адамдар заң шығарушы биліктің атынан сөйлей алмайды,

деді Адамбай.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago