Мәжілістің сегізінші шақырылымында депутат атанған Ринат Зайытовқа Мәжіліс ғимаратынан бұрын Бекболат Тілеухан отырған кабинет берілді, деп хабарлайды Arbat.media.
Ант қабылдап, алғашқы отырысқа қатысқаннан кейін Ринат Зайытов БАҚ өкілдерін кабинетіне ертіп апарды. Ол өзінің алда не істейтінін айта келе, бұрын бұл кабинетте кім отырғаннын жеткізді. Сонымен бірге, су жаңа депутат өнердегі жолы саясатқа келіп жоғалтқан Тілеуханның жолын кешпеймін деп қорықпайсыз ба деген сауалға жауап берді.
Бұл Бекболат Тілеуханның кабинеті болған. Әркімнің маңдайына жазылған өз жолы бар. Қазір мына жерге келіп «Ойбай, Бекболат Тілеуханның кабинеті болған екен, отырмаймын деп басқалар да келіп айтса жақсы ма? Одан ешқандай теріс, арам белгі көріп тұрған жоқпын,
деді Ринат Зайытов.
Депутат алда фракцияның жолымен жүретінін атады. Алайда ақиқатты айтудан тартынбаймын деп отыр.
Бұған дейін айтыскер ақын Ринат Зайытов Бекболат Тілеуханды қаңтар оқиғасының болатынын біле тұра халыққа ескертпеді деп айыптаған. Ал Бекболат Тілеухан өз кезегінде Ринат Зайытовты «Қосановты қолдады» деп айыптады. Екеуара ұзаққа созылған тартыстан кейін араға біршама уақыт салып Мәжілістің жаңа шақырылымында депутат атанған айтыскер ақын Ринат Зайытов осылайша Бекболат Тілеухан отырған кабинетте алдағы бес жыл бойы жұмыс істейтін болады.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…