Categories: Қоғам

Ұрлықтың кесірі. Астанада ауыз су тапшы

Біздің шенеуніктердің бейқамдығы тек апатпен емделеді – биліктің қателігі үшін бәріміз солай жауап беруіміз керек. Бұл туралы елордадағы су дағдарысын мысал ете отырып, белгілі экономист Расул Рысмамбетов сөз көтерді.

Ол Facebook желісіндегі парақшасында елордаға төніп тұрған су коллапсы жайлы «Хабар» телеарнасына берген сұхбатын түйіндеді. Сөзбе-сөз:

Қош бол, бүйрегім!

«Астана тұрғындарына суды аз пайдалануға кеңес берілді, өйткені енді шектеулер қойылатын болады. Биліктің суға деген салғырттығын тек апат емдейді. Өкінішті. Елорданың өзінде 25 жылдан бері дұрыс су жоқтығы Астананың сол жағалауында ешкімды алаңдатпайды: алғашқы 25 жылда судың иісі болды, және ол бірден бүйректі ауыртатын. Енді алдағы 25 жылда тіпті жаман судың тапшылығы мәселесін шешуге тырысатын болады.

Миллионға ұмтылудың зауалы

Бастапқыда 60-100 мың тұрғын жоспарлағанына қарамай, ең алдымен елорданы бақылаусыз қоныстандырып, миллионға жеткіздік, ал қазір таң қалып отырмыз. Күшті сорғысы бар ТҰК нашар сорғы бар ТҰК-нен суды ұрлайтын болса, онда сорғы станциясынан еш пайда жоқ. Су жоқ қой. Бұл аса бай елдің астанасындағы жағдай! Ал кішігірім қалаларда ондаған жылдар бойы жазда ыстық су жоқ, ал кейде мүлдем сусыз қалады.

«Ауыз су» қалай ұрланды

«Ауыз су» мемлекеттік бағдарламасында миллиардтаған доллар ұрланған кезде тексеру мәселесі қалай шешілгені есімде: ауылда су құбыры жүргізіліп, тексеруден бір күн бұрын ауылдың шетіне жүйеге қосылған су таситын көлік әкелінді. Тексеру кеткен соң, су таситын көлік те кетіп қалатын, және келесі 10 жыл ішінде су болған жоқ.

Бұдан бөлек көптеген ауылдық жерлерде су проблемасына ешқашан ешкім мән бермеген.

Су 10 есе қымбаттай ма?

Аксиома бар. Өсу ең тапшы ресурстың болуымен шектеледі. Бұл су туралы деп ойладым. Біздің жағдайда бұл су емес, бұл – ар-ұждан және кәсібилік. Егер біз суды күнделікті ішкіміз келсе, онда су тарифтерінің 5-10 есе өсуі күтіледі. Немесе барлық тоналған ақшаны қайтару керек. Бірақ оны қайтаруға 10 жылдан астам уақыт кетеді, ал су болса күн сайын қажет. Заманауи қала сусыз қанша шыдайды екен?»

Фариза Сагындыкова

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago