Фото: Getty Images
Boston Dynamics компаниясының Spot роботтары бұрын адамның тапсырмаларын үнсіз орындайтын. Олар енді сөйлеуді де үйренген.
Boston Dynamics робот иттерінің сөйлеген видеосы қытайлық weibo.com микроблогтар қызметінде таралды. Бұрын адамның барлық тапсырмаларын үнсіз орындайтын Spot роботтары енді сөйлей бастады. Олар адаммен қалай және не туралы сөйлесетінін микроблогта таралған видеодан көрген Aikyn.kz хабарлайды.
Америкалық Boston Dynamics – роботтар жасауға маманданған инженерлік компания. Ол әскерилердің тапсырысы бойынша төрт аяқты BigDog роботын жасаумен танымал болған.
Boston Dynamics инженерлері танымал болған Spot робот иттерін ChatGPT нейрондық желісіне қосу арқылы сөйлете бастады. Енді робот иттер сұрақтарға жауап береді, өзінің не істейтіндерімен бөліседі. Инженер мен робот иттің әңгімесін мына видеодан көруге болады.
Роботтың жаңартылған нұсқасында ChatGPT-ды қолдайтын жаңа нейрочип орнатылған. Сондай-ақ инженерлер оған Spot-тың дауысы шығатын динамик орнатып берген. Роботтың дауысымен Google айналысқан, олар Google Translate қызметіндегі дауысты қолданған. Адам мен робот иттің әңгімесі мына сілтемедегі видеода.
Робот итті ChatGPT-мен біріктіру арқасында оның мүмкіндіктері өскен. Адам иттің аккумуляторының қуаты қанша уақытқа жетінін сұраса, робот ит оған дәл жауап береді. Сондай-ақ адам кез келген тақырып бойынша сұрақ қоя алады, роботтың ішіндегі нейрондық желі Google-дан тиісті жауапты іздеп, ақпарат береді.
Робот иттің ең пайдалы ерекшелігі – ол адамның қойған тапсырмаларын қайталап, дауыстап айтып беріп орындай бастайды. Мысалы, адамның: «Қазір не істеп жатырсың, бұдан кейін не істейсің?» деген сұрағына Spot өз істерінің тізімін жасап, дауыстап айтып береді.
Ақырында, робот сұрақтарға басын изеп, артқы аяқтарын бұлғаңдатып, басқа да ым-ишара арқылы жауап беруді үйренген. Робот адамның сұрағына «иә» деп жауап беруге болады деп ойласа, ол жай ғана басын изейді.
Енді Boston Dynamics робот күрделі сұрақтарға ChatGPT-дың көмегімен жауап беруі үшін Spot-қа кеңейтілген ақпараттар базасын қосуды жоспарлап отыр.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…