Categories: Ғылым

Rolls-Royce Айда ядролық реактор салады

Ұлыбританияның ғарыш агенттігі Ай бетінде адамдар тұратын аванпостарда орнатылатын ядролық реактор жасау үшін Rolls-Royce компаниясына тапсырыс берді. Сомасы 2,9 миллион фунт стерлинг (3,5 миллион доллар) болатын келісімшарт бойынша компания 2029 жылға қарай Айда жұмыс істейтін ядролық реактордың демонстрациялық модулін жасауы тиіс. Бұл туралы Ұлыбритания Үкіметінің хабарламасында жазылған.

Жерге жақын орбиталарда ұшып жүрген ғарыш аппараттарының көпшілігі күн батареяларымен жұмыс істейді. Ал Айда 14 Жер күніне созылатын түндер бар және температура -183°C дейін төмендейді, бұл батареялар мен нәзік электроникаға қатты зақым келтіруі мүмкін. Сондықтан  Айға қонып ұзақ уақыт жұмыс істейтін аппараттарға баламалы қуат көзі қажет.

Болашақ ғарышкерлердің Айда ұзақ уақыт тұрып жұмыс істеуі үшін үлкен объектілер көп энергия тұтынады. Инженерлер бұл проблеманы шешуде Айдағы жағдайға бейімделген ядролық реакторларды қолдануды ұсынуда.

Rolls-Royce былтырдан бері Ұлыбританияның ғарыш агенттігімен зерттеу келісімшартын жасап, микрореактор бағдарламасымен жұмыс істеп жатыр. Жаңа модульдік реактор Оксфорд, Бангор және Брайтон университеттерімен бірлесіп әзірленеді. Бағдарламада реакторды жасау, реактор шығаратын жылуды тасымалдау және оны пайдалы электр энергиясына айналдыру технологиясы да қамтылмақ. Rolls-Royce инженерлері бұл технология жер бетінде де қолданылуы мүмкін деп санайды.

Ұлыбритания ғарыш агенттігінің Бас атқарушы директоры Пол Бейт «Rolls-Royce-тың бұл инновациялық зерттеулері адамның Айда тұрақты болуының негізін қалап, Ұлыбританияның ғарыш секторын кеңейтіп, жұмыс орындарын ашып көбірек инвестиция тартуы мүмкін» екенін айтқан.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago