Атақ және ақша

Роза Рымбаева орындалмаған арманымен бөлісті

Қазақстанның Халық әртісі, әнші Роза Рымбаева бала күніндегі бір арманының орындалмағанын айтты.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды, “Қазақстан теміржолшысы” газетіне сілтеме жасап.

Газеттің жазуынша, Роза Қуанышқызының орындалмаған арманы “Алғашқы” бағдарламасы арқылы орындалған.

Халық әртісі Алматы-2 және Алматы-1 станциялары аралығында жолсерік қызметін атқарған. Теміржол вокзалынан “жолсерік” рөліндегі сүйікті әншілерін көрген жолаушылар таңғалған. Алайда әншімен сапарлас болғанына қуанып, естелік фотоға да түсіпті. 

Айта кетейік, Роза Рымбаева бұрынғы Семей облысы Жарма ауданы Жаңғызтөбе станциясында теміржолшы отбасында дүниеге келген еді. Ес білгелі үйінің іргесінен күні-түні жолаушылар мен жүк пойыздарының даусын естіп өскен. Станцияға тоқтаған вагондар мен аялдаған жолсеріктерді көріп, форма киген теміржол қызметкерлеріне қызыққан. 50 жылдан бері киіп келе жатқан сахналық көйлегін бір уақыт теміржол қызметінің формасына алмастырған әнші балаша қуанды. 

Әншінің айтуынша, теміржол мамандығын таңдауға әкесі рұқсат бермеген. 

Бала Роза кішкентайынан үнемі жұмыста болатын әкесін күтуден шаршамаған. Темірдей тәртіпке негізделген қызметінің ауырлығын да сезініп өседі. Рымбаевтар отбасындағы 8 баланың дені өнерге жақын болса да, Роза ғана қазақ ән көгінде жұлдыз болып жарқырады. 

Сая Манарбековна

Recent Posts

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 неделя ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

4 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

8 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago