«Ұрпақ керек»: Тілеухандар отбасындағы ажырасу қазақтың жан жарасын ашты

Өткен аптада экс-депутат Бекболат Тілеуханның інісі — Мейрам Тілеуханның қоғам белсендісі Тоғжан Қожалымен ажырасуы ел арасында талқыға түсті. 39 жастағы Мейрам Тілеухан 12 жыл отасқан 50 жастағы Тоғжан Қожалыдан кетіп, 25 жастағы ресейлік визажист София Кляйнмен бас қосқан.

Бұл туралы Тоғжан Қожалының өзі Facebook парақшасында жариялап, енді ол Тілеухановтар отбасының келіні емес екенін айтқан. Сондай-ақ, оқиға тез өрбігенін, ұйып отырған отбасы бір-ақ күнде айрылысып кетуі де мүмкін екенін жазған.

Көпшілік Тоғжанға қолдау білдіріп, уақыт-емші екенін айтып, жұбату сөздер жазды. Ал Қожалының өзі оқиға қалай өрбігені туралы Динара Сәтжанға сұқбат берді.

Ұл туатын тоқалға іздеу саламыз

Айтуынша, Тоқжан Қожалы Мейрам Тілеуханға тұрмысқа шыққанда 39 жаста болған. Тұңғыш қызын 40 жасында дүниеге әкелген. Алайда қызы туа салысымен күйеуі мен оның отбасы тарапынан «ұрпақ керек, ұл керек» деген әңгіме басталған. Бірақ әйелдің денсаулығы жарамай өмірге енді бала әкеле алмаған. Молдалар суррогат ана мен ЭКҰ-ға да рұқсатын бермепті.

Осылайша, үшінші нұсқа – Тоғжан Қожалы күйеуіне тоқал алуға рұқсатын берген.

Егер ол өзінің екінші әйел екенін, отбасылық өмірдің мәнін түсінетін жан болса, оны тоқал ретінде қабылдауға дайын болдым. Тіпті, онымен бірге құрбы болуға, балаларды бірге тәрбилеуге әзір едім. Тек менімен бәсекелес болатын тоқал қажет емес,

дейді Қожалы сұқбатында.

Айтуынша, тоқал ақылды болса, тату-тәтті тұруға дайын болған. Себебі күйеуін шексіз сүйген. Алайда, Мейрам Тілеуханның таңдаған жары тоқал болуға келіспей, одан ажырасуын сұраған.

Архаизмге құлдырау

Тоғжан Қожалының сұхбаты қоғамда түрлі реакция туғызды. Бірі әйелдің даналығына тәнті болса, бірі қатаң сынға алды. Көпшіліктің пікірінше, өздерін кінәлі сезініп, тоқал болуға дайын әйелдер барда ерлер тайраңдауын қоймайды. Жанашыр қыз-келіншектер Тоғжанға өзін-өзі сыйлауды, ер адамның кемсітуіне жол бермеуге шақырды.

«Ұрпақ» туралы сандырақ ежелден әлі күнге дейін келе жатыр. Ұрпақ неге тек ұлдан жалғасады? Мұны ойлап тапқандар табиғатқа қарсы шыққандар. Ген қыз баладан да жалғасады (кейде тіпті солардан көбірек). Бұл әйел адамдарды манипуляциялаудың бір амалы. «Артық жүктен» уақытында арылғаныңызға қуаныңыз. Алға, қыздар!»

деп жазды оқырмандардың бірі.

Бұдан кейін Тоғжан Қожалы өзінің Facebook парақшасына әлеуметтік желілерде оқырмандар санының өскенін және қыз-келіншектер осыған ұқсас проблемаларын жазып жатқанын айтты.

Маған личкаға өөөөтеее көп әйелдер жазып жатыр. Қаншама жас төгілді, қаншама жап жақсы отбасы ойран боп отыр осы әйелдердің жағдайынан. «Рақмет» деп жатыр. Мотивация бердіңіз деп. Қандай архаикалық патриархалдық қоғамда өмір сүріп жатырмыз?! Сабыр сабыр деп, әйелдерді әбден басып тастаған қоғам,

дейді Қожалы.

Бәріне кінәлі — Назарбаев

Бұдан кейін қоғам қайраткері тоқалдыққа байланысты үлкен пост арнап, ұлттық кодты жанғырту бойынша бағдарламамыз кері әсер бергенін айтты. Бұдан қоғамымыз одан бетер архаикалық әрі патриархалдық болып кеткен. Және тоқалдықтың норма екенін алғаш көрсеткен — тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев.

Тұңғыш болып бұл нәпсіқұмарлық вирусын елге жайған — мемлекет басшысы. Одан кейін бұл вирус оның айналасындағы бизнес элитаға жұқты. Тек содан кейін ғана бұл ауру екі отбасы түгілі бір отбасын әрең асырап отырған қабатқа өтті,

деп жазды Тоғжан Қожалы.

Сонымен қатар, Тоғжан Қожалы сұхбатында болашақта ел басшысы болғысы келетінін де жасырмады.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

5 дней ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

6 дней ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

7 дней ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

7 дней ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

7 дней ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

1 неделя ago