Фото: ашық дереккөзден
Сондай-ақ әр балаға 2 млн теңгеден бөлінеді.
Бұл туралы Абай облысындағы өртті жою бойынша шұғыл отырыста белгілі болды. Ал қаржы «Қазақстан халқына» қорынан бөлінеді. Сонымен қатар көз жұмғандардың отбасылары мен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін жеке қор құрылған.
Өрттен зардап шеккен отбасыдан шыққан студенттер үшін еліміздің 40-тан астам жоғары оқу орны грант ұсынып отыр. Сондай-ақ ақылы негізде білім алатын студенттер мен магистранттарға грантқа ауысу мүмкіндігі берілмек.
Кеңес төтенше жағдай кезінде қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды.
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың баяндауынша, 11 маусым күні кешке жел екпіні секундына 18 метрге дейін жетіп, өрт негізгі ошақтан оңтүстік бағытта таралған. Атап айтқанда, Талица ауылына қарай қалың түтін жүріп, орманның төменгі жағы өртенген. Елді мекенді қорғау үшін өрт сөндіру техникасы жедел іске қосылып, нәтижесінде тілсіз жау ауыздықталды.
Түнде өртті сөндіру жұмыстары үш бағытта жүрді: оңтүстік, батыс және солтүстік-шығыс. Осының арқасында негізгі ошақ іс жүзінде қоршауға алынды. 12 маусымда таңғы сағат 06:00-ден бастап өрт сөндіру жұмыстары қайта басталды. Қазіргі уақытта 1 530 адам, 320 техника және 14 тікұшақ жұмылдырылған.
Премьер-Министр ТЖ себептерін анықтау және салдарын жою үшін арнайы Үкіметтік комиссия құрылғанын, оның құрамына салалық министрліктер мен құқық қорғау органдарының өкілдері кіргенін атап өтті.
Әлихан Смайылов 10 күн ішінде оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, тиісті қорытынды жасауды тапсырды.
Қорытындылай келе, Премьер-Министр өрт ошақтарын ерте анықтау, бейнебақылау және мониторинг жүйелерін енгізе отырып, табиғатты қорғау және орман мекемелерін нормативтік материалдық-техникалық жағынан жарақтандыру қажеттігін атап өтті.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…