Categories: Экономика

Рубльдің әдемі ертегісі осылай аяқталды

«Ресей Қаржы министрлігі сәуірдің қортындысын шығарды. Бюджет дефициті бойынша 2023 жылға болжанған межеге Ресей 4 айдың ішінде жетіп алған. Қазіргі бюджет дефициті 3,4 триллион рубльге жетті. Ол РФ Орталық банкі мен Қаржы министрлігі бір жылға жоспарлаған көлемнен 850 миллиард рубльге артық. Егер қазіргі динамиканы алып, Ресейдің параллельді импорт контракттарын төлеуді осы жылдың басына көбірек қойғанын да ескерсек, жыл соңында дефицит шамамен 7,2 триллион рубльге жетеді деп топшылауға болады», — дейді экономист Айбар Олжаев.

Экономистің жазбасын сөзбе-сөз жариялап отырмыз.

Бюджеттік қағида бойынша, дефицитті Ресей өзінің әл-ауқат қоры есебінен жабуы тиіс екенін білеміз. Онда Ресей Қаржы министрлігінің Қор балансы бойынша әзірге ашық тұрған статистикасына көз жүгіртуіміз керек.

Ресей Қорының жағдайы нешік?

Наурыз айының басында Қорда 11,1 триллион рубль, ал соңында 11,9 триллион рубль жатты. Бұдан біз, еее, олар бір айда 800 миллиард рубль кіріс түсіріпті ғой деп ойлап қалуымыз мүмкін. Бірақ, мүлде олай емес. Қағаздағы 800 миллиард кіріс — ол рубль курсы мен алтын құнының қайта есептелуінен алынды. Ал, мұнай мен газ сатудан түскен физикалық ақша қорға 2022 мамыр айынан бері түспеген. Яғни, Қорға бір жыл бойы ешкім ақша салмады. Ал осы бір жылда олар керісінше 3,3 триллион рубль шешіп алған.

Обшым, дефицит 7,2 триллион рубль, ал Қорда 11,9 триллион рубль жатады деген параметрді алсақ, Ресейдегі қоржынның 2025 жылға дейін таусылатынын көреміз.

Бұл ретте Қорды сақтап қалу үшін Ресей Федералды облигациялар (ФО) қарқынын барынша үдетуге барады деген пікірлер айтыла бастады. Бірақ Қаржы министрлігі қазір барынша жоғары ставкамен (11%) биржада апта сайын ФО орналастыруда. Одан асып қарқынды үдетуге болады дегенге сенбеймін.

Ал бизнеске салынатын бір реттік салық көп болса 300-400 миллиард рубль алып келеді.

Сонда не болады? Түбі бұл факторлар санкция батпағына батқан Ресейдегі инфляцияның өршіп, рубльдің құлдырауына алып келуі тиіс. Бұдан кейін Ресей жаңа әл-ауқат Қорын жасай алмайды.

Біздің көз алдымызда өзінің ұлттық қорын сарқып бітірген мемлекет кейсі пайда болмақ. Бізге енді осы процестерді мұқият зерттеп, Ресей қателігін еш уақытта қайталамау қажет.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

23 часа ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

24 часа ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

24 часа ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago