Оқиға

Ұрылар асыл тұқымды бәйге атын соғымға сойып алған

Қарағанды облысында таза қанды араб тұқымды бәйге атын ұрлап, сойып алған күдіктілер ұсталды.

Полицияға 30 жастағы аудан тұрғыны арызданып, белгісіз біреулер халықаралық бәйгеге дайындап жүрген тұлпарын ұрлап кеткені туралы хабарлаған.

Полиция дерегінше, келтірілген шығын 1 миллион 500 мың теңгені құраған.

Полиция осы іске қатысы бар деген күдікпен 23 және 54 жастағы азаматтарды ұстады. Олардың барлығы Шет ауданындағы блок-бекетте қолға түсті. Күдіктілер ұрланған жылқыны сойып, мүшелеп тастағаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. ҚР ҚК 188-1 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды,

деп хабарлады криминалдық полиция басқармасының бастығы Аслан Өскембаев.

Басқарма бастығының айтуынша, жыл басынан бастап, облыс аумағында 644 бас мал ұрланып, оның 547-сі иелеріне қайтарылған.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

3 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

3 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

3 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

3 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

3 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

4 дня ago