Фото: inbusiness.kz
Онда көтерілген тақырыптар халықтың дәл қазіргі мұң-зарынан тым алыс. Халық күнін әрең көріп отырған жағдайда құрылтай айдалаға асқақ сөздерін арнайды. Мына жақта халық қайтсем бір айлығымды екінші айлыққа дейін жеткізсем екен деп бас қатырып, қиналып отыр.
Президент халықтың мемлекеттік аппарат жұмысына көңілі толмайтынын білетінін айтты. Мұның ең жоғары деңгейде мойындалғаны жақсы. Бірақ «патриотизмді, кәсібилікті арттыру керек, даму керек» деген сөздердің ешқандай перспективасы жоқ. Өйткені
шенеунік қатарына өту принципі 33 жылдан бері әлі өзгермеді,
Сол баяғы кландық жүйе, жаппай жемқорлық.
Қазақтың жас, сауатты, қуатты ұл-қыздары тамыр-таныссыз, көке-бәкесіз мемлекеттік аппаратқа келе алмайды, мемлекеттік қызметкер бола алмайды. Биліктің барлық сатысында кадр таңдау тетігі өзгерген жоқ. Ал сайланбаған шенеунік ешқашан халықтың алдында жауап бермейді. Мысалы, Ұранхаев, Скляр немесе Даниал Ахметовтерге қарасаң, болашаққа ұмтылу деген бір идеологияның ізі де байқалмайды.
Кешегі елді шулатқан оқиға неге дәл Каспи банкте болды? Каспи технологиялық жағынан қатты дамыған банк, бірақ екінші жағынан ол да кредитінің жоғары проценттерімен қазақстандық тұтынушыларды баяғыдан бері әлі қанап келе жатқан банк. Кешегі оқиға – қоғамымыздың қауіпті жағдайда тұрғанының сигналы. Былтыр қаржылық бақылау агенттігі кредиттердің 56 пайыздық қазіргі максималды процентін шамамен 40 пайызға дейін азайту туралы бастама көтерген екен. Бірақ билік бұл ұсынысты дереу тоқтатып қойды. Назарбаевтің өзі биліктен кетсе де, әрбір қазақстандық азамат банктегі кредиті арқылы Назарбаевтың тамырлары мен туыстарына әлі қарыз болып отыр.
Энергетика вице-министрі кеше АЭС салу мәселесі бойынша референдум өткізбейміз деп дүңк еткізді. Біз халықтан ақыл сұрамаймыз деп тұр. Батыстың өркениетті елдерінде осы сөзі үшін-ақ ондай вице-министрді қызметінен ит қосып қуып жіберер еді.
Астанада дала өртенді. Оны да сөндіре алмай күні бойы қор болдық. Біздің шенеуніктерді табиғаттың өзі әдейі мазақ қылатын сияқты,
деген екен саясаткер Айдар Әлібаев YouTube-тегі Майдан каналында.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…