Оқиға

Ұрып өлтірген экс-министрдің әйелі туралы не белгілі?

Жүкті болуы мүмкін. Қуандық Бишімбаевтың әйелінің өліміне қатысты жаңа деректер пайда болды.

Астана сот-медициналық сараптамасы өкілінің Оrda.kz сайтына хабарлауынша, тексергенде, марқұм Нүкенованың денесінен пышақ жарақатының іздері табылмаған. Тек дененің жұмсақ тіндерінің, сондай-ақ бас аймағындағы гематомалардың іздері анықталған. Болжам бойынша, басынан соққы алып, соңы өліммен аяқталған. Бұл туралы Aikyn.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қылмыс орнында пышақ болған, бірақ Бишімбаев полицейлер келген кезде онымен өзін өлтіремін деп қорқытқан.

Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қалалық жедел жәрдем станциясының басқару пультіне сағат 19.54-те қоңырау түскенін хабарлады.

Жедел жәрдем бригадасы келгеннен кейін 1992 жылы туған әйелдің қайтыс болғанын растады. Мәйіт полицияға тапсырылды.

Желіде тараған ақпарат бойынша, Бишімбаев соңғы 24 сағат бойы Bau мейрамханасында болған.

Мейрамхана қызметкерлерінің айтуынша, Бишімбаев сәрсенбіден бейсенбіге дейін 24 сағат бойы мейрамханада болған, тіпті түнде де шықпаған. Бүгін кешке ерлі-зайыптылар VIP бөлмеде отырған және олардың арасында жанжал туындаған. Мекеме қызметкерлері олардың дауласқанын естіген. Артынша ұрыс қол көтеруге жалғасыпты. Даяшы жедел жәрдем шақырған көрінеді.

Бишімбаевтың әйелі туралы не белгілі?

Қуандық Бишімбаевтың көз жұмған әйелі Павлодар қаласының экс-әкімі – Қайрат Нүкеновтің жиені.

Салтанат Нүкенова жүкті болуы мүмкін. Бұл туралы оның өзі Instagram парақшасында айтқан. Ақпаратты Салтанат Нүкенованың желідегі жазушылары бөлісті.

Салтанат әлеуметтік желіде Қуандық Бишімбаевпен бақытты отбасылық өмірдің суреттерін жиі жариялап отырған. Айта кетейік, оның марқұм жары Салтанат Нүкенова астрологиямен айналысқан. Консультациясы 80 мың теңге болыпты. Күйеуімен консультацияға келгенде танысқан екен.

Салтанат Нүкенова, алдын ала мәлімет бойынша, күйеуі Қуандық Бишімбаев салған жарақаттан көз жұмған. Ол қамауға алынды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago