Categories: Қоғам

«Сүйікті жар, қамқор әке, адал дос»: өрт сөндіруші Асқар Забикулин қандай адам болған?

Өртеніп жатқан пәтер ішінен 3 адамды аман-есен алып шығып, өзі қатты күйіп қалған Асқар Забикулиннің сауығып кетуін бүкіл Қазақстан тіледі. Дәрігерлер Асқардың өмірі үшін бірнеше күн арпалысты. Алайда Асқар алған жарақаттарынан аурухана қабырғасында жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Ерлігімен өлім құшқан марқұм Асқар Забикулин 28 жаста еді. Сүйікті жар, қамқор әке, адал дос, үлгілі перзент — «маңдайға сыймай кетті» деп қазақ осындайда айтса керек.

Instagram парақшасында жариялаған соңғы видеода ол парашюттен секіргенін жариялаған. Әйелі Анель Забикулина жолдасының мұны көптен армандап жүргенін біліп, туған күніне сыйлаған тосын сыйы еді. Парашюттен секіру — жалындаған отпен күрестің жанында оған түк емес.

Міне, тағы бір видео – қызын 3 жасымен құттықтаған сәт. «Туған күніңмен, қызым. Өмірің ертегідей болсын, ал мен солай болуына барымды саламын. Мен сені қатты-қатты жақсы көремін», — деп жазды Асқар.

Асқардың артында 4 жасар және 2 жасар қыздары қалды. БАҚ мәліметінше, соңғы кездері Асқар қызының тілі шықпай жүргеніне алаңдап, еміне 2 миллион теңге несие алған. Олардың бәрін ведомстводағылар өтеп беретін болды.

Лентасының астына қарай түссек, әйелі Анель Забикулинаға үйленуге ұсыныс жасаған сәттерін де көруге болады. Барлығы романтика қағидаларына сай: жағылған майшамдардың ортасында, тізерлеп отырып Анельге сақина ұсынған.

«Сен менің ДНҚ-дасың» — деп жазады сүйіктісіне ол.

Асқар өрт сөндіру қатарында жұмыс істеп жүргеніне 7 жыл болған. Көкшетау техникалық институтын бітірген ол 4 жыл казармалық өмірді көрген. Ұзын бойлы, физикалық дайындығы мықты, оған қоса мейірбан, елгезек. Өрт сөндіру қызметінен бөлек, ол түрлі спорт түрлерімен айналысқан. Жазда өртсөндірушілердің қатарында футболдан чемпионаттарға қатысса, қыста гарнизон командасында хоккей ойнаған.

Міне, Асқар үстел теннисінен жеңімпаз атанғанын жазған.

Әрі білім алудан да жалықпаған. 2020 жылы «Ресей Федерациясы Азаматтық қорғаныс істері, Төтенше жағдайлар және табиғи апаттарды жою министрлігінің Санкт-Петербург мемлекеттік өртке қарсы қызмет университетін» оқып, магистр дипломына ие болған.

Күйбең тірлікте достарын да ұмытпай, әркез оларды «Роднойларым» деп жақын тартқан.

«Өрт сөндіруші — ержүректік, ерік-жігер, күрделі дағдыларды қажет ететін мамандық» — дейді Асқар.

Марқұмның денесі өзі туған Көкшетау маңындағы Үлгі ауылына жерленеді. Қасым-Жомарт Тоқаев өрт сөндірушінің отбасына көңіл айтып, оның құрметіне бір Астанадағы көшенің атауы беріліп, бюсті орнатылсын деп тапсырды. Жансақтау бөлімінде жатқанда президент Асқар Забикулинді «Айбын» орденімен марапаттаған.

Астана Төтенше жағдайлар департаменті Асқар Забикулиннің құрметіне шағын видео-естелік арнады.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago