Categories: Спорт

Сүйінші! Елена Рыбакина Майамидегі турнирде қарсыласын жеңіп, финалға шықты

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Майамиде (АҚШ) өтіп жатқан турнирдің жартылай финалында америкалық Джессика Пегуламен ойнады.

Бірінші сетте Елена Рыбакина тай-брейкте қарсыласынан басым түскен болатын. Жаңбырға байланысты үзілістен кейін матч қайта жалғасты.

Екінші сетте Д.Пегула брейк жасап, 3:1 есебімен алға кетті. Дегенмен Елена таразы басын теңестіріп қана қоймай, өзі алға шықты. Есеп – 5:4. Ақыры матчқа доп бергенде, ол өз мүмкіндігін жіберген жоқ. Есеп – 6:4.

1 сағат 54 минутқа созылған ойында отандасымыз әлемнің үшінші ракеткасы Джессика Пегуланы 7:6 (3), 6:4 есебімен жеңді. Қазақстандық теннисші 11 эйс жасап, 15 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Қарсыласы 1 эйс, 5 брейкпен (11 брейк-пойнт) көзге түсті.

Елена Рыбакина енді финалға әлемнің 12-ракеткасы, чехиялық Петра Квитова немесе рейтингте 74-сатыдағы румыниялық Сорана Кырстяның біреуімен таласады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago