«Сүйіп қалсам да, тұрмаймын»: Анар Батырхан ауыл жігітіне тұрмысқа шықпайтынын айтты

Актриса Анар Батырхан болашақ жарына қандай талап қоятынын айтты. Танымал ару «Менің өмірім» бағдарламасында ауыл жігітіне тұрмысқа шықпайтынын мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

«Ең бастысы ол маған тірек бола алатындай, өзімді оның жанында әйел заты ретінде сезіне алатындай жігіт керек. Ал қазір жігіттерден ондайды көп көре бермейсің. Олар қазір сенің көлігіңе, ақшаңа, затыңа, киіміңе, әке-шешеңнің қайда жұмыс істейтініне қарайды. Өкінішке орай, таныстарымнан естимін. Маған айтпайды.

Қыздардан «Қай көлікпен жүреді екен?» деп естиміз ғой. Қыздардың бәрінде бар ондай. Ал жігіттер де қазір сондай. Бәрі емес, көпке топырақ шашпай-ақ қояйын. Мені Анар Батырхан болғаным үшін жақсы көретін емес, мені Анар деп қабылдайтын жігіт керек», — деді актриса.

Бағдарлама барысында жүргізуші «Бір сұхбатыңда жігіт Алматыныкі, қалалық болуы керек. «Қалалық жігітке тұрмысқа шығам» деп айтыпсың. Ал егер ауылда ата-анасымен тұратын жігітті сүйіп қалсаң, не істейсің?», — деп сұрады актрисадан.

Ал Анар Батырхан ауыл жігітіне тұрмысқа шықпайтынын ашып айтты.

«Сүйіп қалсам да, мен тұрмаймын. Мен білемін, ондай жағдайға шыдамайтынымды. Әкемнің, анамның туған жеріне барғанда, демалып қайтамын. Бір күн барасың, екі күн жүресің, бірақ кішкентайымнан қалада өскен қыз болғандықтан, маған қалада тұратын жігіт керек. Мен қазір осы сұхбатта өзімді жақсы көрсету үшін «Иә, мен дайынмын» десем, ол өтірік болады. Мен бірден басынан шешіп аламын. «Егер мені әйелің ретінде көрсең, мен сенімен басқа қалаға барып тұрмаймын. Астана қаласы болсын, тұрмаймын. Мен Алматы қаласында тұрамын. Гастрольмен басқа қалаға кетсем, Алматыны сағынып кетемін. Әке-шешем осында деген сияқты», — деді Анар Батырхан.

Анара Бауыржанқызы

View Comments

  • Ол қаланың жігітіма ауылданба айырмасы жоқ, ол ақша таза махаббат сезім болса оған ешқандай ақша тосқауыл бола алмайды Аллаһ махаббат сезімді ақшадан дүниеден жаратқан жоқ, махаббатты адамның жанынан жаратты , ауылдың жігіттеріде қалада тұрғысы келеді еш кем жері жоқ қаланың жігіттерінен . (Дəу менікі жатпайды танға дейің 16-17 партия маныздысы осы сендерге қыздар) Анар сұлу қыз дəуің іздеп жүргенғой қиалдап .

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

19 часов ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

3 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

3 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

3 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

5 дней ago