Categories: Оқиға

СҚО-да 8-сынып оқушысы зорланды

Солтүстік Қазақстан облысы Булаево қаласында 14 жасар қыз зорланды. Бейресми мәліметтерге сәйкес күдікті бұрын сотталған. Полиция қылмыстық оқиғаны растап отыр. Жапа шегушінің жағдайы белгісіз.

15 ақпанда СҚО Мағжан Жұмабаев ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне Булаев қаласындағы үйлердің бірінде 14 жасар қыздың зорланғаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған факті ҚР ҚК 120-бабы 1-тармағының 3-1-бөлігі «Зорлау» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді,

делінген СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі жолдаған хабарламада.

Полиция қызметкерлері Булаев қаласының 23 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді. Азаматтардан тек тексерілген, расталған ресми ақпаратқа назар аударуды сұраймыз,

делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, істің мән-жайын зерделеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago