Оқиға

СҚО-да әйел жетім қызды жезөкше етіп, жәрдемақысын тартып алған

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны ҚР Қылмыстық кодексінің үш бабы — «Притон ұйымдастыру», «Алаяқтық» және «Адам саудасы» бойынша сотталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен жылдың мамыр айында 39 жастағы Петропавл тұрғыны жалдамалы пәтерде притон ұйымдастырған.

WhatsApp арқылы массаж жасаушының жұмысын уәде етіп, Ақмола облысынан келген 18 жастағы жетім қызды алдау арқылы жезөкшелікке тартқан.

Бойжеткен бірнеше рет интимдік қызмет көрсетуден қашып, колледжде оқуын жалғастыруға тырысқан. Бірақ әйел оған күш қолданып, моральдық қысым көрсетіп, кері қайтарып отырған.

Клиенттерден түскен барлық ақшаны өз қалтасына басқан.

«Осындай қылмыстар ұзақ уақыт бойы жасырын түрде жасалуына — зардап шегушілердің құзырлы органдарға жүгінбеуі себеп. Мәселен Ақмола облысының 18 жастағы тұрғынына қатысты бірнеше рет құқыққа қайшы әрекеттер жасалған. Бірақ ол мүлдем полицияға жүгінбеген. Бұл мәселе басқа қылмысты ашу барысында анықталды,

дейді СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жандос Басыбаев.

Әйелді полицияның ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері биыл көктемде қолға түсірді.

Ол Петропавлда тазалықшының жұмысын іздеп жүрген әйелмен танысып, оны да алдап, Ақмола облысына жыныстық қызмет көрсету үшін 250 мың теңгеге сатып жібермек болған. Алайда бұл әрекеті іске аспады.

Тамыз айында сот оған притон ұйымдастыру, адам саудасы және алаяқтық жасағаны үшін үкім шығарды. Әйел 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago