Categories: Оқиға

СҚО-да шошқа фермасында төрт жұмысшы қаза тапты

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданындағы «EMS AGRO» шошқа фермасында төрт жұмысшы қаза тапты. Қайғылы жағдай орын алған Новоивановка елді мекеніне облыс басшысы Айдарбек Сапаров барды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Облыс әкімдігі мәлім еткендей жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төрт жұмысшысы ауысым аяқталған соң мал бордақылау алаңынан шықпаған.

Кейін тексеру барысында олардың тереңдігі 8 метрлік кәріздік жинақтаушыны тазалау барысында қаза тапқандығы анықталды.

Оқиға орнына СҚО әкімі Айдарбек Сапаров, оның бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов, облыстық полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов, Тайынша ауданының прокуроры Ғалымжан Әубәкіров және мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бастығы Марат Омаров барды,

делінген хабарлама.

Облыс әкімінің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды. Төрт жұмысшының мерт болуына не себеп болғаны анықталып жатыр. Өңір басшысы олардың отбасыларына барып көңіл айтты.

Полиция мәліметінше көз жұмғандар 1966, 1991, 1995 және 2000 жылдары туған. Жұмысшылар кәріз құдығын тазалау кезінде иістен уланған.

Олардың денелері сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Аталған факті Қылмыстық кодекстің 156-бабының 4-бөлігі “Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу” бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды,  

деп мәлімдеді полиция өкілдері.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago