Categories: Оқиға

СҚО-дағы сеператизм бойынша 18 адам жауапқа тартылуда — Бас Прокуратура

Мәжіліс қабырғасында бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Солтүстік Қазақстан облысындағы сеператизм ісіне тоқталды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Үй ішінен үй тікпек болған Солтүстік Қазақстан облысындағы жағдай бойынша қазіргі таңда 18 адам жауапқа тартылып жатыр. Жандос Өмірәлиев осылай деді. 

Әлеуметтік желідегі «Народный совет трудящихся» ұйымының мәлімдемелерінен кейін ҰҚК-нің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті бірден қылмыстық кодекстің 180-бабының 2-бөлігі — «Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, адамдар тобында сепаратизмді насихаттау» бойынша қылмыстық іс қозғады. Олардың тұрғылықты жерінде де, жұмыс орнында да тінту жұмыстары жүргізілді. Тәркіленген видеоға, сондай-ақ, әлеуметтік желідегі сюжетке сәйкес дереу сараптама тағайындалды,

деді ол.

Сонымен қатар, Жандос Өмірәлиев бұл іс бойынша 18 адам жауапқа тартылып жатқанына тоқталды. Бірақ олардың іс-әрекеттері сараптамадан кейін ғана бағаланады.Әзірге сараптаманы Әділет министрлігінің қызметкерлері жүргізуде. 1 ай аралығында бұл жұмыс нәтижесі шықса, сол қорытындыға сай әрбіріне нақты айып тағылмақ.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago