Қоғам

СҚО мектептері ұлттық киім киюге көшті

Солтүстік Қазақстан облысындағы мектептер ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында аптаның бір күнін қазақтың өнері мен салтына арнап, ұлттық киім киіп жүр.

Петропавлдағы Әлихан Бөкейхан атындағы № 25 орта мектеп ұстаздары мен оқушылары алғашқылардың бірі болып бұл бастаманы қолға алды, деп жазады ҚазАқпарат.

Білім ордасындағы барлық сынып оқушылары әр аптаның жұма күні қазақша киініп жүруді қолға алды.

Балалар ғана емес, мұғалімдер де бұл күні замануи этностильде киініп, әшекейлер тағады.

Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында ұлттық құндылықтарымызды насихаттау мақсатында қолға алдық. Президентіміз «Ұлттық мәдениет дегеніміз бұл — мағынасы терең, көпқырлы ұғым. Халқымыздың төл мәдениеті салт-дәстүрден, әдет-ғұрыптан бастау алады. Ұлттық киімнің өзі — ұлт мәдениетінің жарқын көрінісі. Сондықтан ұл-қыздарымыз ұлттық киімді Наурыз мейрамында я болмаса басқа мерекелерде жиі киіп жүрсе, керемет болар еді» деді. Біз мектеп болып «Ұлттық киім кию» күнін өткізетін болдық. Бүгін оқушыларымызбен үзіліс уақытында қазақтың ұлттық ойындары «Ләңгі тебу», «Арқан тартыс», «Асық ату», «Бес асық» ойнатылды. Балалардың ой-өрісін дамыту мақсатында «1 мақал-1 бауырсақ», «Қызықты викторина» ойындары өткізілді, — дейді Ә.Бөкейхан атындағы № 25 орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жадыра Зұлқарнаева.

Мектептің 1-сынып оқушыларының ата-аналары балаларына қазақша стильде тапсырыспен арнайы киім тіктірген.

Ұстаздардың пікірінше, ұлттық өнер мен мәдениетті насихаттау мектептен басталуы тиіс.

Қазіргі уақытта Ә.Бөкейхан атындағы № 25 мектебінде 60-қа жуық мұғалім еңбек етеді. 

630-дан астам оқушы оқиды. Солтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, ұлттық киім кию күнін басқа мектептер де енгізіп жатыр.

Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

Путин Иран президентін жерлеу рәсіміне бармайды

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путиннің Иран президентін жерлеу рәсіміне баратын жоспары жоқ…

57 минут ago

«Өгей шеше өз анаңдай болмайды»: Абай Бегейдің үлкен қызы жазба жариялады

Эстрада әншісі Абай Бегейдің қызы, блогер Ерке Ниязқұлова «Инстаграм» парақшасында өгей анасы туралы әңгіме қозғады.…

1 час ago

Тимур Бекмамбетов Өзбекстанда анимациялық мектептер ашып жатыр

Кинематография әлеміндегі ең танымал қазақ көрші елде өте керемет жобаларды жүзеге асырып отыр, ал президент…

4 часа ago

БҚО-да 57 жаңа үйдің құрылысы басталды

Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен елді мекен тұрғындары үшін 357 жаңа үйдің құрылысы…

23 часа ago

Пара беруге итермелеген алаяқтар 10 жылға сотталды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен «№2 және №5 нан базасы» «Астық қоймалары»…

1 день ago

Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исахов 8 жылға сотталды

Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Мақсұт Исаховқа сот үкімі шықты. Экс-шенеунік 2023 жылдың шілдесінде тұтқынға…

1 день ago