Фото: qazaq.today
Кеше мектеп директорына теріс діни ағым өкілдерінің қоқан-лоқы көрсеткенін жазған едік. Мектеп директорына полиция қызметкерлері «әу» деуге мұрша бермей, арыз-шағымым жоқ деген қағаз жаздырып алған.
Бұл туралы заңгер Айгүл Орынбек өзінің парақшасында жазды.
Жанар Сапар жұмысқа бара жатқанда екі сақалды жігіт тоқтатып, мойнынан қылқындырған. Машинадан сүйретіп түсірген. Сақалды жігіттердің талаптары мектептегі орнын босат деген.
Белгілі болғандай, мектеп директоры хиджаб киген оқушыларды мектепке кіргізбеген. Сондықтан осындай қысым көрсетіле бастаған.
2016 жылы бұл мектептегі проблеманы көтергенмін. Бірақ 7 жылдан бері оған қысым көрсетіліп, қудалау тоқталыған жоқ. Басты талабы – мектепке оқушыларды хиджаппен кіргізу,
дейді заңгер.
Қанша арыз-шағым жазса да, полиция қызметкерлері қарамай, жауып тастай береді. Мұның себебі не? Түп-тамыры қайда жатыр?
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…