Categories: Қоғам

«Сабақтан мүлде қалмайды»: 81 жастағы астаналық қария өз еркімен ағылшын тілін үйреніп жүр

Астана қаласының 81 жастағы тұрғыны Қайыпқали Смағұлұлы ағылшын тілін үйреніп жатыр. Бүгінде немере, шөбере сүйіп отырған ақсақалдың арманы — шетел аралап, саяхатқа шығу. Ынталы қария туралы «Таңшолпан» бағдарламасы сюжет түсірген.

Қайыпқали қарияның айтуынша, білім алу үшін ешқашан да кеш емес. Ол қазір Астанадағы Еуразия университетінің жанын ашылған білім ұясында ағылшын тілін үйренуде.

Жер жүзінде 70 пайыздан астам халық ағылшын тілінде сөйлейді. Жастарымыздың басым бөлігі ағылшынша сөйлейді. Немерелерімнің оқып жүрген тілін мен де үйреніп, соған күш салып, үлгі болғым келеді,

дейді ақсақал.

Ал мұғалімдердің айтуынша, Қайыпқали атай сабақтан мүлде қалмайды және ынтасы мен үлгерімі де жақсы.

Қайыпқали Смағұлұлы біздің ағылшын тілі курсына екі айдан бері қатысады. Сабақ барысында өзінің белсенділігімен, жауапкершілігімен, қызығушылығымен көзге түскен. Сабақтан қалмайды, барлық тапсырманы уақытында орындайды. Интернет ресурстарын қолдана отырып, өзін өзі дамытуға көп мән береді,

дейді ағылшын тілінің мұғалімі Алтынай Бүркітбаева.

Қария мұғалімдердің сөзін толық түсіну үшін күніне төрт-бес сағат уақытын арнайды. Бүгінде ол 8 бала, 5 немере, үш шөбере сүйіп отырған қария алты техникалық және төрт қосымша мамандықты игерген. Елу жылдық еңбек өтілі де бар. Оның ендігі арманы — шетел аралап, саяхат жасау.

«Менің мақсатым — ағылшынша үйреніп, шетелге шығып, өзге елдердің мәдениетін, экономикасын, саясатын білгім келеді. Соны орындауым қажет», — дейді Қайыпқали Смағұлұлы.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago