Categories: Саясат

Садыр Жапаров қазақ пен қырғыз — жол салушылар туралы әзіл айтты

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қазақ пен қырғыз — жол салушылар туралы әзіл айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

AKIpress news мәліметінше, Жапаров бұл әзілді Қырғызстанның Көлік және коммуникация министрлігіне жол техникасын тапсыру рәсімі кезінде айтқан.

Екі жігіт Мәскеуде жол құрылысы мамандығы бойынша университет бітіреді. Біреуі Алматыда, екіншісі Бішкекте жұмысқа тұрған. Бір жылдан кейін қазақ қырғызды үйіне шақырады. Барса, онда екі қабатты үй, Mercedes бар. Қырғыз сұрайды: «Мына байлықтың бәрін қайдан алдың, сырыңды айтшы». Қазақ жолды көрсетіп: «Мына жолды көрдің бе? Мен салдым. Енінен 5 сантиметр, қалыңдығынан 1 сантиметр үнемдедім. Байлығым осыдан» — дейді.

Үш айдан кейін қырғыз қазақты жауап ретінде шақырады. Онда үш қабатты үй, гелендваген, коттеджі бар. Қазақ мұның бәрі қайдан келгенін сұрайды. Сонда ол Бішкектен Қара-Балтаға баратын жолды көрсетіп: «Мында жаңа тасжол болуы керек еді, бірақ мен оны салған жоқпын, байлығым осыдан» дейді,

деп әзілдеді Жапаров.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago