Атақ және ақша

«Сахнада ес жоғалттым»: Әнші Медеу Арынбаев сырқатына қатысты сырын бөлісті

Танымал әнші Медеу Арынбаев “Ұйқым келмейді” бағдарламасында сахнада болған келеңсіз жағдай мен сырқаты жайлы сөз қозғады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Жанкүйерлерім, өнерімі бағалайтын тыңдарманы денсаулығыма алаңдап, хабарласып тұрады. Құдайға шүкір, ол кезең артта қалды. Осыдан 4 жыл бұрын үлкен ота жасаттым. Одан кейін қалыпқа келуге 1 жыл уақыт кетті. Сахнаға шығуға ұмтылмадым. Осыдан 10-15 жыл бұрын сахнада ән айтып тұрып, ес жоғалтып, сіресіп қалып, қан көтеріліп кеткен. Сол кезде не болғанын әлі күнге дейін түсінбеймін. Өнер көрсетіп тұрып басқа ойға шомып, ән жайында қалды. Бұл жағдай Алматыда үлкен сахнада болды. Сахнадан шеттетіліп қалуыма соның да әсері болса керек деп ойлап, көңілім алып қалғаным бар. “Медеу Арынбаев қауіпті” деп ойлаған болар. Сахнадан шеттетіліп қалған кездер болмады емес, болды”, – дейді Медеу Арынбаев.

Сондай-ақ әнші келін түсіруге дайын екенін  айтты. 

“Ұлым ер жетті, қызым бой жетті. Дәулеттің оқу бітіргеніне 2 жыл болды, қазір ізденіс үстінде жүр. Жұмыс қарастырып жатыр. “Жұмыс тауып, орналас” деп асықтырып жатқан мен жоқпын. Үйленуге рұқсатымды беріп қойдым, мен дайынмын. Алла қаласа, келесі жылы деп отыр. Солай-ақ болсыншы”, – дейді әнші.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago