Сайлау-2022: Теледебатқа қатысатын кандидаттар тізімі бекітілді

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында 20 қарашада өтетін президент сайлауына кандидаттардың пікірсайысының регламенті мен қатысушылар тізімі бекітілді.

Телевизиялық пікірсайыс 11 қарашада «Хабар» телеарнасының эфирінде өтеді.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен бекітілген сайлау алдындағы пікірсайысты өткізу қағидалары мен шарттарына сәйкес, ОСК регламентімен келіседі және сайлау алдындағы пікірсайысқа қатысушылардың тізімін бекітеді. Қазіргі уақытта «Хабар» телеарнасы президенттікке кандидаттардың сайлау алдындағы пікірсайысын өткізу регламентін әзірледі. Регламент жобасы ОСК-ге келісуге ұсынылды. Жобада сайлау алдындағы пікірталасты өткізу талаптары қарастырылады,

деді ҚР ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова.

Регламентке сәйкес, президенттікке кандидаттың сайлау алдындағы пікірсайысы 4 раундта өткізіледі. Раундтарға сәйкес, пікірсайысқа қатысушылар өздерінің сайлау бағдарламасымен сөз сөйлеуге, қарсыластарына сұрақ қоюға, сайлаушылардың сұрақтарына жауап беруге, сонымен қатар сайлаушыларға үндеу жасауға мүмкіндік алады. Регламент жобасы сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттарына сәйкес келеді.

Оның  cөзінше, сайлау алдындағы пікірсайыстар мен пікірталастарға қатысу үшін кандидатураларды ҚР президенттігіне кандидаттардың сайлау штабтары ұсынды.

Алынған мәлімет негізінде телевизиялық пікірсайысқа қатысушылардың келесі құрамы ұсынылады: Әбден Қарақат Жақсылыққызы, Әуесбаев Нұрлан Сатыбалдыұлы, Дайрабаев Жигули Молдахалықұлы, Қажыкен Мейрам Зекешұлы, Қошанов Ерлан Жақанұлы, Тұрсынбекова Салтанат Пархатқызы. Осылайша, пікірсайыс өткізу регламентімен келісу, сонымен қатар телевизиялық пікірсайсқа қатысушылардың тізімін бекіту туралы қаулы жобасы қарауға ұсынылады,

деді ОСК мүшесі.

Анастасия Щегорцова қазіргі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11 қарашада өтетін сайлау алдындағы телевизиялық пікірталасқа неліктен қатыспайтынын да түсіндірді.

Үгіт-насихатты кандидаттың өзі анықтайтын сенімді өкілі өкілеттігі шегінде жүргізеді. Сондықтан бұл жағдайда сенімді өкіл кандидаттың атынан пікірсайысқа қатысады. Өйткені, кандидат оған сенім білдіріп отыр. Нақты себебіне келер болсақ, бұл сұрақтың Орталық сайлау комиссиясына қатысы жоқ. Біз алғашқы отырыс өткізгеннен кейін барлық штабқа сауал жібердік. Штаб бізге дебатқа қатысатын кандидатураларды ұсынды. Сенімхатын қарадық. Олар міндеттерге толық сай келеді. Сондықтан осындай тізім бекітіліп отыр,

деді Анастасия Щегорцова.

Айта кетейік, 11 қарашада өтетін сайлау алдындағы телевизиялық пікірсайысқа Қасым-Жомарт Кемелұлынан басқа кандидаттардың барлығы қатысады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago