Waving flag of kazakhstan
«Кез-келген саяси күрес ережесі бойынша, кандидаттар халыққа танымал, сайлаушыларға таныс, белгілі тұлға болуы керек еді. Өткен президент сайлауында оппозицияның атынан шыққан ортақ кандидат елге біршама таныс, билікке шын балама тұлға болды. Наразы халық дауысын сол кандидатқа берген. Ал қазіргі бес кандидаттың бойында ондай қасиет жоқ», дейді саясаттанушы Қазбек Бейсебаев.
Сарапшының сөзінше, қалың бұқараға белгісіз біреулер кандидат болып отыр. Наразылардың ол кандидаттарға дауыс бермейтіні анық.
Бәрі жабылып, бес пайыз дауыс жинаса, соған да рақмет дейтін түрі бар. Бұл жолы қазіргі президенттің басты қарсыласы «бәріне қарсымын» деген дауыс болмақ.
Елдің бар шындығын ескерсек, «бәріне қарсымын» деген дауыс ел бойынша 25-30% жинар.
Әсіресе, Алматыдағы сайлау маңызды көрсеткіш болмақ. Бұл қалада басқа өңірлермен салыстырғанда тұрғындар белсенді және қоғамның сайлауды бақылауы жолға қойылған.
Сонымен, өзге кандидаттардың қарсылас сиқы жоқ екенін ескерсек,
президент шамамен 70%-дан жоғары дауыс жинайды.
Таңдау жоқта қатардағы қарапайым халық сайлауға бара қоймас. Дауыс бергендердің шекті деңгейі туралы норманы жойып тастағанбыз. Ендеше сайлау сенсіз-ақ өтіп, келсең де, келмесең де президент сайланады. Мың дауыс беруші тіркелген жерде сайлауға келген жүз-ақ адам президентті сайлайды.
Бір қарағанда, бұл жолы биліктің алаңдауына еш себеп жоқ сияқты. Екінші жағынан, аз адам қатысқан сайлауда жеңіске жету – мақтаныш емес. Бұл халықтың көпшілігі билікке сенбейтінін, толыққанды сенім мандаты алынбағанын білдіріп қояды. Сол үшін билікке бұл сайлауға неғұрлым көп адамның келгенін қамтамасыз ету керек болып тұр. Бұл енді облыс әкімдеріне байланысты. Аз-ақ адам қатысқан сайлауда жеңіп шығу – таза жеңіс болмайды.
Қоғам әлі жауабы берілмеген бірқатар мәселе бойынша президенттен әрекет күтіп отыр. Партия тіркеу тәртібін жеңілдетемін деген уәдесі әлі орындалмады. Ауылда тұратын, дауыс беру құқығы бар қалың бұқара да кәдімгі ауыл тіршілігіне қатысты нақты шараларды күтіп отыр,
дейді Қазбек Бейсебаев.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…