Сайлау алдында қоғамдық пікірге кім сұрау сала алады?

Орталық сайлау комиссиясы 7 қазанда екі заңды тұлға қоғамдық пікірге сұрау салғанын хабарлады. Осы орайда комиссия қоғамдық пікірге кім сұрау сала алатынын жариялады.

Орталық сайлау комиссиясы қоғамдық пікірге Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша тіркелген заңды тұлға сұрау сала алатынын жазды.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген, қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу бойынша кемінде 5 жыл тәжірибесі бар заңды тұлғалар тиісті құжаттардың көшірмесін қоса беріп, бұл туралы Орталық сайлау комиссиясын жазбаша түрде алдын ала хабардар ете отырып жүргізуге құқылы,

делінген хабарламада.

Орталық сайлау комиссиясына жіберілетін хабарламада сұрау салуды жүргізуге қатысатын және осы салада жұмыс тәжірибесі бар мамандар туралы, қоғамдық пікірге сауал салу жүргізілетін өңірлер жайлы, қолданылатын талдау әдістері туралы мәліметтер көрсетіледі.

Сондай-ақ, қоғамдық пікірге сұрау салу нәтижесiн, сайлау, сайлауға байланысты өзге де зерттеулер, кандидаттарды не саяси партияларды қолдап дауыс беру нәтижелерiнiң болжамын дауыс берiлетін күннің алдындағы 5 күн ішінде және дауыс берiлетiн күні интернет желісінде жариялауға жол берілмейтініне назар аударамыз (Конституциялық заңның 28-бабының 9-тармағы),

делінген комиссия таратқан хабарламада.

Заңның бұл талабы сайлау науқанын дайындау және өткізу кезеңінде болатын қоғамдық пікірге сауал жүргізудің барлық түріне қолданылады.

Бүгін «Қоғамдық пікір» институты мен «AMANAT» партиясының «Қоғамдық саясат институты» жеке меншік мекемесі қоғамдық пікірге сұрау салған. Заңды тұлғалардан түскен хабарлар комиссия сайтында жарияланып отырады.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 неделя ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

4 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

8 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago