Categories: Саясат

Сайлау науқаны неге сылбыр, жабырқау өтіп жатыр?

Президент сайлауы тақалды. Кандидаттар іріктелді. Тоқаевтың басты қорқынышы – Назарбаевтың адамдары президент тағына таласпады бұл жолы.

Тоқаевқа қарсылас болады деп таңдалған кандидаттар – Қазақстан халқына таныс емес, өңшең көлденең көк аттылар. Ешқайсысының Тоқаевты жеңетін титтей де шансы жоқ.

Мысалы, Жигули кандидат боп шыға келетінін өзі де күтпегенін еш бүкпесіз жайып салды. 2015 жылы Әбілғазы Құсайынов та өзінің кандидат екенін соңғы сәтте білген еді.

Қазіргі сайлауалды науқан тым сүреңсіз, Қазақстан халқының қатысуынсыз өтіп жатыр.

«Сайлауалды бағдарламалар» Қазақстанның қарапайым халқының шынайы өмірінен алыс. Салтанат деген кісі ит пен мысыққа мемлекеттік питомник құрамын депті. Елімізде 45 мың жас отбасының баспанасыз жүргенінде шатағы жоқ. Жигули ауыл халқына кредит беретін банк құрам депті. Қазақтың онсыз да қарызға батқанын, халықтың басындағы кредиттің 11,4 трлн теңге екенін айтпайды. Елде 6,3 миллион ересек тұрғынның жабылмаған кредиті бар,

дейді философия ғылымдарының кандидаты Нұртаза Қадырниязов.

Рас, ешбір кандидаттың елді экономикалық дағдарыстан шығаратын, бағалардың өсуі, инфляция мен жұмыссыздықпен күресетін нақты жоспары жоқ. Сыртқы қарызымыз 165 млрд доллар.

Ең қызығы, кезектен тыс өтетін бұл сайлауға бюджеттен 20 млрд доллар бөлінді.

Мұндай қойылым-сайлау ел үшін өте қауіпті. Елбасы кезінде де ешқашан шын кандидат болмаған, дауыс әділ саналмаған. Сіздерді білмеймін, бірақ өз басым дауыс беруге бармаймын. Сайлау учаскесіндегі адам қарасын көбейткім келмейді, саяси спектакльге қатысқым келмейді. Бұл сайлауда бақылаушы болудың да пайдасы жоқ, кім үшін күресіп, қандай дауыс үшін жыртылмақсың? «Қасым-Жомарт Тоқаев 61-72 пайыз дауыс жинап, Қазақстанның жаңа-ескі президенті боп қала береді», дейді көптеген болжамдар. «Бәріне қарсымын» деген графа есепке алынбайды екен, оған бүкіл қазақ дауысын берсе де. Бұл жерде тек қосымша табыс көретін мектеп директорлары мен мұғалімдер үшін ғана қуануға болады,

дейді ол.
Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago