Тоқаев халыққа кезекті жолдауында кезектен тыс президенттік сайлауды жариялады. Ол 2022 жылдың күзінде өтетін болды.
Сарапшылардың айтуынша, Президент сайлауы қараша айында өтуі ықтимал. Сондықтан да қазірдің өзінде кандидаттардың кім болуы мүмкін деген тақырып қызықты. Халық бұл сұрақты қызу талқылап жатыр, деп үміткерлердің тізімін жариялады Нұргелді Усбанов өзінің Telegram парақшасында.
Мұхтар Тайжан сайлауға түсуі ықтимал дейтіндер саны жетерлік. Мұхтар Тайжан жер мәселесін көтеріп, «Жер қорғаны» атты партия құруға ұмтылуда. Партияны тіркеу әлі іске аспады, алайда оның қоғамдық қозғалыс атынан түсу мүмкіндігі бар.
Тағы бір кандидат ретінде өзін ұсынуы мүмкін дегендердің ішінде Марғұлан Сейсембай бар. Соңғы жылдары саяси мәселелерді көтеріп, кәсіпкерлік салада дәріс беріп жүрген Марғұлан Сейсембай, биліктегі олқылықтар жайлы ойын өткір айтып жүргендердің бірі.
Тағы бір кандидат ретінде Иманғали Тасмағамбетов түсуі мүмкін дейді жұрт. Ел ішінде айтарлықтай қолдауға ие, салмақты саясаткер саналатын Тасмағамбетов соңғы жылдары саяси сахнада көп көрінбейді. Алайда бұл сайлауда өз бағын сынап көруі ғажап емес.
Кей жандар Ерлан Қарин бұл додада бағын сынап көруі ықтимал дейді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі қызметін атқаратын Қарин саясаттану ғылымдарының кандидаты саналады.
Кәсіпкер әрі «Қазатомпром» басшысы болған, кейін істі болып, он жылын абақтыда өткізген Мұхтар Жәкішевті де кандидаттар қатарынан көргісі келетіндер бар. Алайда Жәкішев үлкен саясаттан кеткенін айтқан еді.
Қаржы министрінің сөзінше, кезектен тыс президенттік сайлау үшін миллиардтаған қаражат қажет емес. Оны есептейтіндерін айтты. Әлеуметтік пакет, яғни жайлы мектептер мен ауылдарда ауруханалар салу бойынша алдын ала жүргізілген есеп бар екен. Тіпті бюджетте оған қосымша ақша қарастырылған.
Қазір оны нақты айта алмаймын. Тапсырманы жаңа ғана алдым. Маған есеп жүргізуге уақыт беріңіздерші,
деді Ерұлан Жамаубаев.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…