Қоғам

Салафиттік білім беретін атышулы қыздар мектебі жабылды

Былтыр бұл жекеменшік білім ошағы оқушы қыздарға салафиттік бағытта тәлім беріп жатыр деп өңірде дау туған еді. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Ауданаралық экономикалық сот жыл бойы оқушыларға лицензиясыз білім беріп келген мектептің жұмысын тоқтатқан.

Былтыр 100-ден астам бойжеткенді қабылдаған бұл жекеменшік оқу орнының жұмысына атыраулықтар күмәнмен қарап, әлеуметтік желіге бейнежазбалар таратты. Онда олар бұл мектепте оқитын қыз балалар түгелдей хиджабпен келетінін айтқан. Кейін ол қоғамдық резонанс туғызды. Мектеп басшылары мұны жоққа шығарып, «мекеме қазақы салт-дәстүрді ұстанады, балалар ұлттық киімдермен келеді» деп ақталды.

Бірақ жекеменшік мектепті ашқан кәсіпкерлер білім беру қызметін көрсету үшін лицензия алмай, жұмысын бастап кеткен. Заңдылыққа сай олар алты ай ішінде рұқсат алуы тиіс екен. Алайда жыл бойы лицензиясыз білім беріп, оқу жылын аяқтапты.

Осылайша, Білім  беру сапасын бақылау департаменті заңдылықтарды бұзған кәсіпкерді сотқа берген.

Өткен жылы мәселе анықталғаннан кейін бірнеше рет тексеру жүргізілді. Атырау облысы әкімшілігі сот арқылы екі рет айыппұл салынды. Сонымен қатар бұл мектеп лицензия алуға өтініш білдірген. Алайда олардың біліктілік талаптары лицензия алуға сәйкес келмеді. Сондықтан бұл мекеме лицензиясын алмады. Біз экономикалық мамандандырылған сотқа бердік. Соттың шешіміне сәйкес қызметі тоқтатылды,

деді Атырау облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Бердібек Тайышов.

Бұған дейін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Оқушылардың мектепке хиджап кию мәселесіне қатысты пікір білдірген болатын.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

18 часов ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

19 часов ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

2 дня ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

2 дня ago