«Салт-дәстүрдің быт-шытын шығардыңдар»: «Сырғалым» атанған Ерке Есмахан көпшіліктен оңбай сөз естіді

Әлеуметтік желілерде бұрын тұрмыста болған әнші Ерке Есмаханға қазақы салт-дәстүрмен сырға салынғаны көрсетілген видеолар тарады. Көпшілік әншінің ақ босағаны енді аттағандай үкі тағып, сырға салғанын жаппай сөкті.

Эстрада жұлдызының өміріндегі маңызды күн жайлы әнші Мәдина Сәдуақасова жариялады. Ол желідегі парақшасында:

Әр қыз бақытты болуға лайық, Ерке Есмахан, құттықтаймын! Бағың ашылсын,

деген жазба қалдырды.

Аталған жазбаға қатысты желі қолданушыларының пікірі қақ жарылды. Олардың бірі жастарға бақыт тілесе, енді бірі әншінің бұрын босаға аттағанын, десе де жаңа түскен келіндей, сырға салған сәтін сөккен.

«Қазақта балалы әйелге сырға салмаған… Беті де, бір жері де ашылып қойған әйел болса осылар неге салт дәстүрімізді аяқ асты етеді… Еріккеннің ермегі болды ғой… Ұлттық салт санамызды бұзып жатыр… Ата-баба дәстүрін ойын күлкіге айналдырып қадір-қасиетін қашырып жатыр… Ұятсыздар…»,

«Қазақтың салт-дәстүрін де құртты-ау енді бұлар. Баласы бар әйелді алғанымен қоймай. Енді өз балалары өздерінен 15 жас үлкенді алсын басқа не дейміз. Кейінгі ұрпаққа берген өнегелері ғой»,

«Бірнеше байдан шыққан, қатынға да сырға салған бір түрлі екен, ұят екен», «Бақытты болсын не дейміз?»

Салт-дәстүрдің быт-шытын шығарыпты ғой

деп жазды оқырмандар.

Сынаған жұртқа Ерке Есмаханның да жауабы бар. Ол стористе «Басымда бес елі бағым бар», — деп жазба қалдырды.

Барлық мақтау Аллаға! Алла маған бес елі бақ берген екен. Шүкір! Раббымыз қыз баланың дұғасына өте мұқият! Бізді сынайтын адам емес, адамның бәрі — пенде! Өткен өмірімде тұрмыста болып, дүниеге ұл әкеліп, ана бақытын сезінсем де, Алланың бұйрығымен «Сырғалым» болдым. Қыздар маңдайға қандай тағдыр, қандай сәтсіздіктер жазылса да, еш мойымаңыздар! Алла әр қыз баласына әйел бақытын береді. Бүгінгі менің қуанышым әр қызға жұғысты болсын!,

деп жазды әнші.

Айта кетейік, бұған дейін жұлдызды жұп Райым мен Ерке Есмахан мешітте неке қидырғанын көпке жариялаған еді. Ал кеше сырға салу рәсімі өтті.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago