Қоғам

Салтанат Нүкенованың туыстары қылмысқа қатысты жаңа деректер айтты

Астанадағы мейрамханалардың бірінде Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованың туысқандары «Көреміз» бағдарламасына сұхбат берді,  деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бишімбаев пен Нүкенова екеуі 2022 жылдың 18 қарашасында шаңырақ көтерген. Алғашында бәрі жақсы болғанмен, уақыт өте келе Салтанат құрбыларына отбасындағы зорлық-зомбылық туралы шағымдана бастапты. Марқұм күйеуінің ұратынын құрбыларынан бөлек анасына да айтыпты. Шешесі қызының қиналғанын көріп, Павлодарға қайтуын сұрапты.

Жаз мезгілінде Салтанат үйіне барғанда ата-анасына қарым-қатынастары қиындап кеткенін, күйеуінің мінезі ауыр екенін айтыпты. Әке-шешесі үйге қайт деген. Бірақ көп уақыт өтпей, Бишімбаев Салтанатты райынан қайтарып алған,

дейді кіндік шешесі Мәрзия Оспанова.

Жантүршігерлік оқиғадан үш күн бұрын Салтанаттың әке-шешесі Павлодардан Астанаға келіп, жақсы көңіл күйде кездесіп, тарқасқан. Ағасы Қайрат Нүкеновтың айтуынша, Бишімбаев пен оның туысы Салтанаттың денесін мейрамханадан жасырын алып шығып, жасырмақшы болған.

Олар қарындасымның телефонын іздеп, көліктен тауып алады. Сөйтіп, Бишімбаев бауырына қарындасымның телефонын алдымен фитнес-клубқа, әрі қарай үйіне апаруға тапсырма береді. Біз геолокация тексерген кезде телефонды Бишімбаевтың үйінен таптық. Сосын бауырына түнде екі көрпе қажеттігін айтып, бейнекамераларды өшіртеді. Сол күні қандай да бір қызды шақыртады. Ол келіп кеткен соң, көлікті жертөлеге алып кел деп тапсырады, жалпы айтқанда олар қарындасымның денесін жасыруға тырысқан сияқты,

дейді Қайрат Нүкенов.

Еске салайық, бұрынғы Экономика министрі Қуандық Бишімбаев мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен қамауға алынды. 

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago