Салықтан жалтарғандар банктік қызметтерді ала алмайды

Салық төлемеген азаматтар банк шоттарын ашу, аударым жасау, несие рәсімдеу және басқа да қызметтерден айырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

1 қазанда жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталады. Осыған байланысты 65 мыңнан астам алматылық банктік қызметтерді алу мүмкіндігінен айырылуы мүмкін.

Жеке меншік құқығында жеке үйлері, пәтерлері, саяжай құрылыстары, гараждары және өзге де құрылыстары бар тұлғалар салық төлеушілер болып саналады. Төлеу мерзімінің аяқталуына бірнеше күн қалғанына қарамастан, 65 215 тұрғын жалпы сомасы 945 миллион теңге салық төлемеген. Төленбеген салықтың ең ірі сомасы Бостандық ауданының тұрғынына тиесілі, оның берешегі шамамен 15 миллион теңгені құрайды,

деп хабарлады қалалық МКД.

Айта кетсек, мерзімі өткен әрбір күн үшін Ұлттық банк белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 1,25 еселенген мөлшерінде өсімпұл есептеледі.

Салық органдары мәжбүрлеп өндіріп алу мақсатында сот орындаушыларына салықтық бұйрықтарды жібереді, олар борышкерлерге қатысты шараларды, оның ішінде мүлік пен банк шоттарына тыйым салу, сондай-ақ шетелге шығуға шектеу щараларын қолданады. Салықтарды төлемеумен байланысты жағымсыз жағдайларды болдырмау үшін жақын күндері жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеуге шақырамыз. Барлық сұрақтар бойынша бірыңғай байланыс орталығына 1414 нөмірі бойынша хабарласуға болады,

деп толықтырды департаменттен.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago