Categories: Саясат

«Самұрық-Қазынаның» жаңа басшысы – қызық кісі

Нұрлан Жақыповтың Қазақстандағы мемлекет ішіндегі мемлекет деп танылған «Самұрық-Қазына» қорының жаңа басшысы болып тағайындалуы жайлы белгілі саясаттанушы пікір білдірді.

Әшімбаев өзінің телеграм-арнасында Жақыповтың қысқаша өмірбаянын жариялады:

«Әкесі – Қаршаға Жақыпов Байланыс министрлігінің техникалық басқармасының бастығы, «Қазақтелеком» АҚ радиоландыру орталығының бас директоры қызметтерін атқарған, «Алматы радиоландыру орталығы» ЖШС басқарады.

45 жастағы Нұрлан Жақыпов – ХҚММУ түлегі. ENRC, Chambishi Metals PLC (ENRC-ERG Замбия активі), Research, Investment and Development Ltd (Мәскеу) және Credit Suisse компанияларында жұмыс істеген.

2009 жылы «Тау-Кен Самұрық» ҰМК басқарушы директоры, 2011 жылы — инвестициялық банкинг департаментінің директоры, «RBS (Қазақстан) ЕБ» АҚ Астана қаласындағы өкілдігінің басшысы, 2012 жылы — инвестициялық банкинг департаментінің атқарушы директоры, UBS AG Астанадағы  өкілдігінің басшысы болды.

2016 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ даму және инвестициялар жөніндегі басқарушы директоры (Асқар Жұмағалиев кезінде), 2017 жылдың қаңтарында – «Астана» ӘКК басқарма төрағасы (қала әкімі Әсет Исекешевтің кезінде) болды.

2019-2020 жылдар аралығында Rothschild & Co компаниясының Қазақстандағы өкілі болды. 2020 жылдың тамызында Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company Ltd компаниясын басқарды. KIDF – Түркістандағы «Керуен Сарай» кешені, «Rixos Water World Aktau» қонақ үйі және Ақтаудағы «Tetysblu» саябағы сияқты танымал жобаларға ие «KIDF тікелей инвестициялар Қоры» активтерін басқаратын АХҚО мүшесі. Қазақ, орыс, ағылшын және испан тілдерінде сөйлейді.

Кейбір деректер бойынша – ажырасқан, екі баласы бар».

Фариза Сагындыкова

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago