Инсайдер

«Самұрық-Энерго» Ресейдің ескі технологиясын алмақ

Қытай қазандықтары әлдеқайда тиімді екеніне қарамастан.

«KEGOC-тың» бұрынғы директоры, сарапшы Әсет Наурызбаев «Самұрық-Энерго» компаниясын, оның пікірінше, Екібастұз ГРЭС-2-нің дұрыс емес құрылыс бағдарламасы үшін сынға алды.

Былай дейді:

Энергетиканы дамыту стратегиясы деген желеумен бизнес-жоспарын бекіткен Энергетика министрлігінің атын жамылған «Самұрық-Энерго» өзінің ескі схемасын жалғастыруда.

Енді олар Екібастұз ГРЭС-2 үшінші блогының құрылысынан үнемдеуге көшті. Бұл блоктың құрылысы он жыл бұрын жоспарланған. Содан кейін қытайлық жеткізушілермен 660 МВт заманауи қондырғыға құрал-жабдықтарды жеткізу туралы келісімдерге қол қойылды, оны Ресейде ешкім жасамаған және жасап жатқан жоқ.

Жобаға ақша құрылымдалып, аванс төленді – жүздеген миллиард теңге. Жабдықтардың көпшілігі станцияға келіп, ашық аспан астында қарапайым темір кесектері түрінде жатыр.

Содан соң «Самұрық-Энергоға» жаңа адамдар келді. Әлгі ақшаға олардың көңілі толмайды. Оларға жаңа ақша қажет. Сөйтіп олар қайтадан бұрынғы тірлігіне көшті.

Қытайлық техниканың бар-жоғын түгендеудің орнына олар ресейліктермен жаңа жабдықтар туралы келіссөздер жүргізе бастады. Ескі П-57 блоктарын екі зауыт – Подольский және Таганрог салған. Подольский 2000-шы жылдары үш түрлі зауытқа тарқап кеткен, Таганрог әлі жұмыс істейді және теориялық түрде тауарды жеткізе алады. Бірақ П-57 блогы – жарты ғасыр бұрынғы технология. Қытай қазандықтары әлдеқайда тиімді.

Бірақ, ең бастысы, станция аумағында босқа жатқан жүздеген миллиард теңге мен дебиторлық қарыз үшін кім жауап береді? Қалыпты энергияның орнына ақша өңдеумен айналысуды қашан қоямыз?»

Фариза Сагындыкова

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago