Саясат

Самұрықша ақша сор,  сәләфтарша сайра! 

Бүгін депутаттар мәжілістің отырысын өрт қылды, иә.

Көптен бұлай көсілмеген еді, не түрткі болды екен? 

Негізі мәжілістің сәні қазір Абзал Құспан, Бақытжан Базарбек, Ринат Заитов, Қазыбек Иса, Мақсат Толықбай,  Саиров Ерлан,  Нартай Сарсенгалиев бастаған жігіттерде. Оларсыз мәжілістің шоғы тұтанбайды, оты жанбайтындай.

Бүгін олардың біразы сақалды сәләфтарды да,  самұрықтың сорғыш басшыларын да әбден сыбады. Қазанды қаспағымен қоса жалап жатқан Самұрық қазынаның мешкей менеджерлері НӘН кезінде қалыптасқан, сумақай қылықтарын әлі тоқтатпапты ғой. Тоқаев былтыр қорды тарту туралы да айтып еді, ақыры аяқсыз қалды.

Самұрыққа қарайтын кәсіпорынның басшысы өзіне 74 млн теңге бонус алса, басшылық құрам 274 млн теңге жаздырып алған. Жомарт бастығы кім деген екен?

Самұрыққа қарасты тағы бір еншілес компания табыста тоқырауға ұшырап, 61 млн теңге жылдық кірісі болса да,  менеджер құрам 336 млн теңге сыйақы алған. Бір жылда тонаған табыстары.

Ал анау жалғыз монополист қазақтелеком дегеннің үш-төрт бастығы 422 млн теңге премия алған.

Тонасаң ұлттық компанияны тонап, самұрықты сорып,  сәләфтардай сұңқылдай сайрап жүрсең өлмей өрлейтін болып тұрсың ғой.

деп жазыпты Әмірболат Құсайынұлы.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago