Categories: Оқиға

Самат Әбіш «Қаңтар оқиғасы» бойынша неге жауапқа тартылмады — ҰҚК жауап берді

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі, ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Самат Әбіш «Қаңтар оқиғасы» бойынша неге жауапқа тартылмады — мәжілістің жалпы отырысынан шыққаннан кейін ҰҚК төрағасының орынбасары Марат Қалқабаевқа осы сұрақ қойылды.

«Cамат Әбіш қайда? Ол неге жауапқа тартылмады?» — деген журналистің сұрағына Марат Қалқабаев былай деп жауап берді:

Жауабым қысқа болады. Бұл сұраққа жауапқа беруге құзыретім жетпейді. Құқықтық бағаны құқық қорғау органдары, Бас прокуратура берді. Істі ведомствоаралық жедел тергеу тобы тергеді,

деді төрағасы орынбасары.

ҰҚК өкілі Самат Әбіштің қазір қайда екенін білмейтінін жеткізді.

Мен білмеймін. Комментарий бере алмаймын. Ол кісі (жұмыстан) кетіп қалды. Қателеспесем, ақпанда кетті. Қазақстанда шығар, осы елдің азаматы ғой. Ол біздің бақылауымызда емес,

деді Марат Қалқабаев.

Одан бөлек, Марат Қалқабаев бұрын ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары лауазымын атқарған Самат Әбішпен дос болмағанын, тек әріптес болғанын айтты.

Ол сондай-ақ қаңтар оқиғасы кезінде бұрынғы ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовтің әрекетіне толық құқықтық баға берілгенін жеткізді.

Тергеуде бәрі анықталды. Сұрағыңызды түсіндім. Бәрін айта алмаймын. Бұйрық болған жоқ… Ол (Кәрім Мәсімов) тиісті шешімді қабылдамады,

деді ҰҚК төрағасының орынбасары.

Еске салайық, 2022 жылдың 17 қаңтарында Самат Әбіш Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылған болатын.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

3 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

3 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

3 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

3 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

3 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

4 дня ago