Саясат

Самат Әбіш тыныш қана Түркияда тұрып жатыр

Назарбаевтың немере інісі, ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Самат Әбіш қуғын-сүргіннен аман.

Жалғанды жалпағынан басқан әулеттің өкілі қазір тыныш қана Түркияда тұрып жатыр. Жан-жағы таумен қоршаған Эгей теңізінің емдік суына балтырын малып, күн нұрынан нәр алуда. Осы күнге дейін барымта-сырымтамен тапқан капиталы оған уайым-қайымсыз өмір кешуге мүмкіндік береді.

DALA INSIDE-қа жеткен мәлімет бойынша Саматтың түрік жерінен тұрақ табуына президент Ердоған мен түріктің Ұлттық барлау қызметі (Milli İstihbarat Teşkilatı, MIT) рұқсат берген.

Саматтың Түркиядан өзге барар жер, басар тауы жоқ десек, қателескен боламыз. Назарбаевтың немере інісі Әмірліктерден, соның ішінде Дубайдан жылжымайтын мүліктің бірнешеуін алып тастаған. Тықыр таяғанын сезсе, әлгі жаққа қас пен көздің арасында тайып тұрады.

ҰҚК? «Үш әріп» басшылығы Әбіштің қайда тұрып жатқанын білмейді емес. Біздегі инсайд бойынша ҰҚК мен MIT Әбішке қатысты ортақ ұйғарымға келген, ұдайы ақпарат алмасып отырады.

Ал «әулеттің шипасы бітті…» деуге әлі ерте. Отыз жыл бойы әлемнің түкпір-түкпіріндегі ықпалды тұлғалармен тығыз контакті орнатқан Назарбаев кланы Жаңа Қазақстаннан ығар емес.

Саматтың ағасы Қайрат Сатыбалды былтырғы жылдың наурызында Дубайға қашқалы тұрған жерде құрықталған. Қазір ол Өскемендегі түрмеде жатыр. ҰҚК-нің экс төрағасы Мәсімов те осы жерде жазасын өтеуде.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago