Саясат

Самат Әбішке қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды. Іс сотқа жіберілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сотқа дейінгі тергеу қызметі С.С.Әбішке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 362-бабының 4-бөлігімен қозғалған қылмыстық істі тергеуді аяқтап, істі сотқа жолдады,

деп жауап берген Сотқа дейінгі тергеу қызметінің басшысы Ризабек Ожаров «ҚазАқпарат» агенттігі жолдаған сауалға.

Ризабек Ожаровтың айтуынша, осы қылмыстық іс аясында Самат Әбіш ауыр зардаптарға әкеп соқтырған билікті және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген. Күдіктіге қатысты елден кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған, сондықтан ол қазір Қазақстанда.

Қылмыстық істе мемлекеттік құпия саналатын мәліметтер бар екенін ескере отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді,

делінген мәлімдемеде.

Самат Әбіш ісі

2022 жылдың 17 қаңтарында Самат Әбіш Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылды.

2023 жылдың қыркүйегінде Бас прокуратура ведомствоның арнайы прокурорлары ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты «қаңтар оқиғалары» кезінде билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаған.

Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай Самат Әбіш Қазақстанда екенін, ол ешқайда кетпеу туралы қолхат бергенін мәлімдеген болатын.

Кейін бас прокурордың орынбасары Жандос Өміралиев мәжілісте сөйлеген сөзінде Самат Әбіш қашып кетуі мүмкін деген қауіпті жоққа шығарған.

Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

5 часов ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

6 часов ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

6 часов ago

Халықты оңтүстіктен солтүстікке қоныстандыруға бөлінген ақша ұрланды

Павлодар облысының прокуратурасы «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын іске асыру аясында (азаматтарды оңтүстік аймақтардан…

1 день ago

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Президентке Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті…

2 дня ago

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Нұрбай атаны құттықтады

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе кеңсесі офицерлерінің қатысуымен Ұлы Отан…

5 дней ago