Қоғам

Samsung Қазақстанда кір жуатын мәшине, теледидар шығаруы мүмкін

Қазір Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі аталған компаниямен келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы ведомство басшысы Қанат Шарлапаев мәлім етті.

Елімізде тұрмыстық техника өндірісі 3,8 есе өсті. Айтар болсақ, Алматы қаласында Xiaomi теледидар құрастырып-шығару зауыты іске қосылды. Түркістанда коммерциялық тоңазытқыш құрастыруды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар Оңтүстік Кореяның Samsung Electronics және Қытайдың HKC компанияларымен келіссөз жүріп жатыр,

деді Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында.

Үкімет отырысынан кейін өткен БАҚ өкілдері Samsung компаниясымен жүргізіліп жатқан келіссөзді тарқатып айтып беруін сұрады. 

Samsung компаниясы тарапынан қызығушылық бар, бірақ келісімнің қашан аяқталатыны белгісіз. Егер біздің жоспар орындалса, біз де Samsung тұрмыстық техникасын шығаратын боламыз, нақты айтқанда теледидар, кір жуу мәшинесі дегендей. Компания бізге келуі үшін құқықтық-нормативтік құжаттарды өзгертуіміз қажет,

деп жауап берді ведомство басшысы.
Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago