Сандуғаш Стамғазиева 20 жылдан соң сахнаға қайта шықты

Осыдан 20 жылдан астам бұрын Мейрамбек Беспаевпен қосылып орындаған әндері қалың көпшіліктің сүйініспеншілігіне бөленген Сандуғаш Стамғазиева қайтадан ел алдына шықты, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Бірақ бұл жолы ол сол кездердегі әндерін Мейрамбекпен емес, жас әншілердің бірімен орындап шықты. «Алматы» арнасындағы «Шешімі бар» бағдарламасының бір саны ақын, композитор Исраил Сапарбайға арнады. Мейрамбек Беспаев пен Сандуғаш Стамғазиева ақынның «Қоштасудың қиыны-ай» және «Сен болмасаң» әндерін көпшілікке танытқан. Сондықтан араға бірнеше жыл салып, сол әнді қайта жарыққа шығарды. 

«Қоштасудың қиыны-ай» әнін осыдан 25 жыл бұрын Мейрамбек екеуіміз алғаш орындадық. Ән жүрегімізді баурап алды. Бірақ басында әннің сөзін Исраил аға жазғанын білмедім. Кейін 2001 жылы «Сен болмасаң» әнін жазып берді,

дейді Сандуғаш Стамғазиева.

Ол бұл жолы Бақберген Тоқтарбекұлы деген жас әншімен орындады. Желі қолданушылары әншінің дауысына ризшалықтарын білдіріп, сағынғандарын айтып жатыр. 

«Керемет орындау керемет дауыс керемет ән», «Сандуғаш әдемі айтады жиі шықпай жүр, кейінгі кезде дауысын сағындық», «Сандуғаштың салған әнін тыңдай бергім келеді», «Бақберген де Мейрамбектен кем түспеді», — деген пікірлер бар.

Айта кетейік, Сандуғаш Стамғазиева ұстазы Алтынбек Қоразбаевқа тұрмысқа шыққан соң, екі қызды дүниеге әкелген. Содан кейін көп жылдар сахнаға шықпай кеткен болатын.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago