Оқиға

Санына шеге тыққан, басы жарылған: марқұм сарбаздың ата-анасы әділдік сұрайды

Алматы облысында дауыл кезінде қаза тапты деген сарбаз Алмас Шәкімовтің денесіне эксгумация жасалды. Оның туыстары жігіт адам қолынан өлгеніне сенімді. 

КТК арнасының хабарлауынша, азаматтық борышын өтеуге барған көкшетаулық жігіттің жақындары бауырының кісі қолынан мерт болғанын айтады

Алматының әскери прокуратурасынан әділдік болмады. Өзіміздің бас прокуратураға, Астананың әскери прокуратурасына, бәріне бардық. Ешқайсысынан шындық ашылған жоқ. Істі жылы жабуға тырысты,

дейді марқұмның әжесі Күлмайда Туғанбаева.

Олар ұлдарын қара жерден қазып алуға тәуекел еткен. Айтуларынша, марқұмның денесінде сау тамтығы жоқ. Иығы, екі аяғы сынған, санына шеге тығылған, басы жарылған.

Айтуларынша, Алмас әскерде әліжеттік көріп, мерт болды.

Еске салсақ, 19 жастағы Алмас Шәкімов Алматы іргесіндегі полигондардың бірінде әскери жаттығу кезінде құмды дауыл басталып, мерт болған. Әскери басшылығы оның басына темір құрастырмалы палатка құлады деп рапорт берген. Кейін «Ерлігі үшін» медалімен де марапаттаған. Бірақ туғандары ол медальдан бас тартты.

 

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago