Сара Назарбаева бірнеше жыл бұрын өзінің «Қонақай» тегін қайта алған – БАҚ

БАҚ беттерінде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Алпысқызы өз тегін алғаны туралы ақпарат тарады.

Shishkin_like Telegram-арнасының мәліметіне сәйкес Сара Алпысқызының  атына «Назарбаева Сара Алпысқызы» жеке кәсіпкерлігі тіркелген. Алайда оның басшысы ретінде Қонақай Сара Алпысқызы көрсетіліпті. Нұрсұлтан Назарбаевпен 1962 жылы отау құрғанға дейін оның тегі «Қонақай» болған екен. 

Ресми құжаттарға сүйенсек экс-президенттің жұбайы тегін 2005-2012 жылдар аралығында ауыстыруы мүмкін. Себебі ол 2012 жылдың 4 ақпанында жарияланған «Халық-Life» Халық банктің өмірді сақтандыру бойынша еншілес компаниясы» АҚ-да үлестес тұлғалар тізімінде Қонақай тегімен көрсетіліпті. 

Ал 2005 жылдың 19 қыркүйегінде Тимур Құлыбаевтың иелігіндегі «Алмэкс» Холдинг тобы» АҚ-ның үлестес тұлғасы ретінде Сара Алпысқызы «Назарбаева» деген текпен тіркелген.

Әйткенмен Нұрсұлтан Назарбаев пен Сара Назарбаеваның ресми ажырасқаны туралы ақпарат жоқ. Ал «Бөбек» қайырымдылық қорының Instagram-парақшасында деректер 2018 жылдың 15 сәуірінен бері жаңартылмаған, мұнда оның тегі Назарбаева деп көрсетілген. 

Еске салайық, бұған дейін Сара Назарбаева енгізген «Өзін-өзі тану» міндетті пәндер тізімінен шығарылған еді. 

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 неделя ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

4 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

8 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago