Categories: Оқиға

Сарбаз өлімі: адвокат Пірәлиев заң бұзбағаны анықталды

Астана қаласының адвокаттар алқасы адвокат Сержан Пірәлиев ешқандай этикалық нормаларды бұзбағанын анықтады. Адвокат бұл жөнінде әлеуметтік желіде мәлім етті.

Жаңа ғана Астана қаласының адвокаттар алқасы маған қатысты тәртіптік істі қарады. Оның қорытындысы бойынша адвокат ретінде менің ешқандай этика нормасын бұзбағаным анықталды,

деп жазды ол.

Еске сала кетсек, 2022 жылдың 19 тамызында «Шөлдала» шекара бөлімінде борышын өтеп жүрген 2004 жылғы асылып тұрған жерінен табылған болатын.

Күдікті сержант Айбек Нұртаевтың адвокаты Сержан Пірәлиев таяуда журналистерге осы іске қатысты адам сенгісіз фактілерді жария еткен. Оның сөзінше сарбаздың киімі мен аузынан бірнеше адамның шәуеті анықталған. Осы ақпаратты жариялағаны үшін ІІМ «Пірәлиев адвокаттық этиканы бұзды» деп айыптап, істі Әділет министрлігіне жолдаған еді.

Сондай-ақ, кеше ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры, генерал-майор Ерлан Алдажұманов Бекбол Мираштың өлімінен кейін қызметтік тергеу жүргізіліп, департамент пен застава бастығы қызметінен шеттетілгенін айтты.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago