Categories: Маңызды

Сарбаз суициді: әскери полицияның сексуал зорлық туралы түсінігі біртүрлі — адвокат

2022 жылғы тамызда Жамбыл облысындағы Шолдала шекара заставасында мерзімді қызмет еткен сарбаздың суициді бөлімшедегі гомосексуал қатынасқа байланысты болуы мүмкін. Алайда бір қызығы, әскери полиция жұртшылықтың назарын марқұмның өліміне емес, қайғылы жағдайға қатысы бар адамдарды анықтауды талап ететін адвокатқа аударып отыр.

Шекара заставасындағы қайғылы оқиғадан бес ай өткен соң Тараз гарнизонының әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс материалдарын сотқа беруге дайын. Олардың қорытындысына сәйкес, жағдайға қатысты тек бір күдікті анықталды. Ол — марқұм қызмет еткен бөлімшенің сержант-контрактнигі Айбек Нұртаев.

16 қаңтарда күдікті Нұртаевқа «билікті асыра пайдалану» бабы бойынша айып тағылды. Кейін оған тағы үш бап қосылды. Олардың ішінде «суицидке жеткізу» және «бопсалау» бар. Тергеу нәтижесіне сәйкес, Нұртаев өз-өзіне қол жұмсаған сарбазды қорлаған, ұрған.

Алайда тергеу марқұмның ауыз-қуысынан, киімінен бірнеше ер адамның шәуеті табылғанын дәлелдейтін сараптама нәтижесін ескермей отыр. Бір қызығы, экспертиза кезінде анықталған шәуеттің ешқайсы Нұртаевқа тиесілі емес.

20 қаңтарда айыпталушының адвокаты Сержан Пралиев баспасөз мәслихатын өткізді. Онда ол шекара заставасындағы суицидке қатысты қылмыстық істің біржақты жүріп жатқанын мәлімдеді. Ішкі істер министрлігі адвокаттың сөзіне бірден реакция білдірді.

ІІМ сөзінше, адвокат Пралиев шындыққа сәйкес келмейтін тұжырымдама мен ойды айтып, қылмыстық істің деректерін жария етті.

Сонымен қатар ІІМ Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейтінін мәлімдеді. Осыған байланысты олар адвокаттың әрекетін кәсіби әдеп нормасын бұзу фактісі ретінде тіркеп, оны қызметін тергеу ісін Әділет министрлігіне жолдаған.

Адвокатқа қандай жаза берілуі мүмкін? Globalnews тілшісі Сержан Пралиевтің өзінен сұрап көрді.

Фотода Сержан Пралиев

Сержан мырза, Ішкі істер министрлігі не себепті сізге шүйлікті? 19 тамыздағы оқиғаға қатысты қылмыстық істің жария еткісі келмеген кейбір дерегін көпшілікке айтып қойдыңыз ба?

— Мен бірнеше ДНҚ сараптамасын жасату туралы өтініш бердім. Алматыда өткізілген сараптама марқұмның ауыз-қуысында, киімінде, іш киімінде және футболкасында бір әріптесінің, оған қоса «екі және одан да көп ер адамның» ДНҚ-сы бар екенін анықтады. Тура осылай жазылған.

16 қаңтарда тергеу кезінде бір биоматериалдың кімге тиесілі екені анықталса, «екі не оданда көп ер адамның» кім екенін анықтау қажет екенін айттым. Ол үшін әскери бөлімшедегі барлық әскери қызметкердің ДНҚ-сараптамасын алуымыз қажет екені туралы өтініш жаздым. Алайда 19 қаңтарда өтінішіме бас тарту жауабын алдым. Олардың айтуынша, марқұмның денесінде зорлық-зомбылықты дәлелдейтін белгілер болмаған.

Тергеушінің түсінігінше, анус арқылы жасалған дүние ғана ер адамға жасалған зорлық-зомбылық болып саналады. Ал қалғаны зорлық-зомбылық емес.

Мен ашуланып, 20 қаңтарда баспасөз мәслихатын өткіздім. Неге мұндай әрекетке бардым? Себебі мен айтқан және тергеушіге жазған фактілер анықталмаған жағдайда айыпталушы, яғни мен қорғап жатқан адамға қатысты квалификация мүлдем басқаша болайын деп тұр.

Қазіргі уақытта тергеу мен қорғап жатқан адамның, яғни айыпталушының «марқұмды қорлап, «арақ ішетін мал, алқаш» деп атағанын, оны ұрысып, басқа бөлімшеге ауыстыратынын айтқанын, салдарынан сарбаздың қатты ренжіп, асылып қалды» дегенге әкеліп отыр.

17 тамыздан 18-іне қараған түні бөлімшеде бес адам арақ ішкен: оның ішінде марқұм да бар. Кейін оларды Нұртаев ұрысқан. Төртеуі басшысының ұрысқанын қабылдаған, ал бесіншісі ренжіп, бірге қызмет етіп жүрген досының белдігіне асылып алған. Марқұмның денесін бірінші болып дәл сол белдіктің иесі тапқан. Тағы бір адамның телефонынан 2 тамызда жіберілген «минет үшін рахмет, 5000 теңге» деген хабарлама табылды. Бөлімшедегі тағы бір телефон жоғалып кетті немесе көзін жойған. Меніңше, ол телефонда әскерилердің мас болған кешінің видеосы бар. Мұның бәрі қылмыстық іс материалдарында көрсетілген.

Мұның бәрі трагедия кезінде қандай да бір гомосексуал қарым-қатынас болғанын көрсетеді.

Жағдайдың осылай қайғылы аяқталғанына қарап, 18 жастағы мас жас жігіттердің ол кезде не істегендерін елестету қиын.

Тергеу жабық аумақта қызмет етіп жүрген сарбаздың аузынан, киімінен табылған шәуетті зорлық-зомбылық белгісі деп санамайды. Сонда Әскери тергеу басқармасы сараптамада көрсетілген «екі немесе одан да көп адамды» іздегісі келмей ме?

Ішкі істер министрлігінің сізге қатысты қабылдаған шарасының қандай салдары болуы мүмкін?

— Олар Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201 бабына (сотқа дейінгі тергеп-тексеру мәліметтерін жария ету ) сүйеніп отыр. Деректерді көпшілікке жарияламаймын деп, кейін жария еткен адам осы бап бойынша жауапкершілікке тартылады.

Бірақ мен ешқандай қолхатқа қол қоймадым. Іс — мемлекеттік құпия емес.

Енді олар мені «этиканы бұзды» деп айыптауға тырысып жатыр. Мен біреуді қорласам не құқығын бұзсм, айыптауға болар еді. Бұқаралық ақпарат құралдары 19 тамыздан бері бұл резонанс іс, трагедия туралы хабар таратып келеді. Ешкімнің аты-жөнін атамадым, қылмыстық іс материалдарын көрсетпедім, бірақ өз сөзіммен іс бойынша елеулі дәлелдерді көпшілікке жеткіздім.

ҚПК-нің 70 бабына сәйкес, айыпталушыны қорғау үшін барлық заңды қорғау және фактілерді жоққа шығару тәсілдерін қолдануға міндеттімін.

Мен заңды түрде марқұмның аузынан, киімнен табылған шәуеттердің кімге тиесілі екенін анықтау керектігі туралы өтініш жаздым. Алайда олар бас тартты. Енді олар менен күтеді?

Енді тергеуге қатысты жағымсыз фактілер жария болып еді, адвокатты Әділет министрлігі арқылы жауапкершілікке тартпақ. Бірақ мені жазалайтындай, не істедім?

— Әділет министрлігі адвокаттар алқасына сізді «кәсіби этиканы бұзды» деп, мәселені қарауды бұйырса, адвокаттар алқасы қандай шара қолдануы мүмкін?

— Менің тарапымнан шынымен кәсіби этиканың бұзылып-бұзылмағанын тексереді.

Мен деректерді жарияламайтынымды қолхатқа жазбаша жазып, қол қойсам, 201-бапқа сәйкес, жауапкершікке тартуына болады.

Ал қазір мен қорғаушымды қорғаудың бар амалын істеп жатырмын. БАҚ арқылы үндеу жасау — заңды әдістің бірі.

Оның үстіне тергеу анық нәрсені көрмей отыр. Бірнеше сараптама бар. Бірақ әскери тергеу басқармасы ер мен ердің арасында тікелей жыныстық қатынас болмаған соң, оны зорлық-зомбылық ретінде санамай отыр. Футболкадан шәуеті табылған бір әскери қызметкер тергелді. Ол өз-өзін сексуал түрде қанағаттандырып, шәуетін футболкаға сүрткенін, кейін ол киімді марқұм кигенін айтты. Ал марқұмның киіміндегі, аузындағы қалған шәуеттер кімге тиесілі, «екі немесе одан да көп» ер адамдар кімдер және олар қайда?

— Сіз баспасөз мәслихатын өткізбеген жағдайда сараптамада анықталған биоматериалдар туралы ешбір адам білмей кетуі мүмкін бе еді?

— Әрине. Себебі Нұртаевтың соңғы квалификациясы 16 Қаңтар болды. Неліктен мен сараптама тағайындау туралы өтініш жаздым? Дәл осы себепті. Ең әуелі мен қорғап жатқан адамды бір бап бойынша айыптады, кейін оған тағы үшеуі қосылды: 451-баптың 1 және 2 бөліктері (ауыр зардаптарға әкелген билікті асыра пайдалану), 105-бап (суицидке дейін жеткізу) және 194 (ақша талап ету, бопсалау).

Соңғы квалификацияда айыптау куәгерлерінің барлық айғағы жазылған, бірақ биоматериалдар, ДНҚ нәтижелері туралы бірде-бір сөз жоқ.

Менің «Неге?» деген сұрағыма, «тергеу кезінде марқұмға жыныстық зорлық-зомбылық жасалғаны анықталмады» деген жауап болды.

Көпшілік алдында сөйлеуге мәжбүр болдым, әйтпесе іс материалдары сотқа жіберілетін еді. Ал баспасөз мәслихатынан кейін Нұртаевтың қамауға алу мерзімі 24 ақпанға дейін ұзартылды. Қазір бірдеңе болып жатыр, жәбірленушілерді іс материалдарымен таныстырып жатыр, онда 20-дан астам том бар.

Енді бұл оқиға екі сценарий бойынша өрбуі мүмкін — жұртшылық талап етіп, резонанс пайда болады және прокуратура реакция білдіріп, «екі немесе одан да көп» ер адамдарды анықтау үшін сараптама жүргізуі мүмкін.

— Сонда сіздің баспасөз мәслихатындағы мәлімдемеңізден кейін де әлі сараптама жүргізілмеді ме?

— Жоқ, Әскери прокуратураға арыз жаздым. Сараптама жасайды деген үмітім бар. Жауабын күтемін. Меніңше, Оңтүстік әскери прокуратура мен Тараздағы әскери тергеу басқармасына бірінші нұсқа ыңғайлы еді. Бөлімше басшысы сарбаздарды балағаттап, ұрсып, қорлады, салдарынан сарбаздың бірі шыдамай асылып өлді. Ары қарай істі қазбалағысы келмеді.

Кенеттен «екі немесе одан да көп» ер адамның шәуеті әскери қызметкерлердікі болып шықса ше?!

Демек, жабық шекара бөлімшесінде әскери қызметшілерді зорлайтын бөгде адамдар жұмыс істей ме? Заставада ешкім тіс жармауы керек өздерінің құпиялары бар секілді.

— Нұртаевты не себепті төрт бап бойынша айыптағанын толық түсіндіресіз бе?

— Біріншісі — билікті асыра пайдалану. Айыпталушы екі сарбаздың бетінен шапалақпен ұрған, бір сарбаздан 10 мың теңге бопсалап алған деседі. Алғашында істе бұл ақша әскери қызметкерге әскери форма сатып алу үшін берілген, себебі застава қаладан 50 километр жерде орналасқан деп көрсетілген еді. Форма бар, сатып алынған. Бірақ қазір марқұмнан 10 мың теңге бопсалады деп тұр.

— Марқұммен бірге қызмет еткен әскери қызметкерлерден ДНҚ сараптамасы алынса, бұл сот ісіне, айыпталушының квалификациясына қалай әсер етуі мүмкін?

— Онда «суицидке дейін жеткізу» және «ауыр зардапқа әкелген билікті асыра пайдалану» айыбы алынады. Формаға қатысты мән-жайды жіті тексермесе, бопсалау бойынша айыпты болып қала береді. Ал шапалаққа келсек, бұл — екі сарбаздың сөзі ғана. Оларды ұрғанын ешкім көрмеген, денесін де жарақат та, басқа дәлелдер де жоқ.

Бізде әр айыпқа қарсы аргумент бар. Тергеу нақты дәлелдерді жасырып, сарбаз өлімінің нақты себебін анықтауға тырыспайтыны ішімді өртеп барады.

Марқұмның киіміндегі шәуеттердің кімдікі екенін анықтап, олардан шәуеті неге марқұмның киімінде екенін сұрау керек. Бар болғаны осы.

Қазіргі пікірім — тергеу біржақты жүріп жатыр. Президент Тоқаев кінәлілерді табуға тапсырды. Содан бері басталды. Әуелі суицидке қатысты бар кінәні марқұм сарбаздың сүйіктісіне жапқысы келді. Кейін екі күннен соң бір адамды кінәлі етіп, қаншама дәлел бар екенін қарамастан, соны ғана айыптап, сол нұсқадан таймай отыр.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

2 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

3 дня ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

6 дней ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

6 дней ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

6 дней ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

6 дней ago