Сарбаздар арасындағы суицид себебі не?

ҚР Қарулы Күштерінде 5 ай ішінде төрт сарбаз суицид жасады және жеті сарбаз жасауға талпынған.

Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев ҚР Қарулы Күштеріндегі өзін-өзі өлтіру себептерін айтты. Ол осындай жағдайдың санын азайту бойынша арнайы топ құрылғанын айтып өтті.

Шын мәнінде, статистика аянышты. Қазақстанда 5 ай ішінде 4 318 суицид дерегі тіркелген, оның төртеуі Қарулы Күштерге тиесілі. Суицид жасауға талпынғандар саны — 4 942, оның жетеуі — Қарулы Күштер қатарындағылар. Демек бұл — 0,1%.

Мен бұл статистиканы қалқан етуге тырысып жатқаным жоқ. Дегенмен мұндай жағдайлар тіпті автомобиль өндіретін кәсіпорындарда да болады. Ал біз бұл жерде адамдар қару пайдаланатын Қарулы Күштер туралы айтып жатырмыз. Бақытсыз жағдайлардың болатыны түсінікті,

деді Дархан Ахмедиев.

Бұл ретте ол әскерилер арасында суицидтің аномал өсуі жоқ екенін айтып өтті. Себебіне келер болсақ, екі жағдайда отбасылық-тұрмыстық жанжал кесірінен болған. Қалған екі жағдай бойынша тергеу шаралары жүріп жатыр.

Өкінішке қарай, бізде 18 жастағы жігіттер жедел қызметке келеді. Ал олардың басында 9 млн кредит бар. Екіншіден, триггер болатын әлеуметтік мәселе өте көп. Әр жағдай жеке қарастырылады, нақты бір себебі бар деуге келмейді,

деді Дархан Ахмедиев.
Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago