Жемқорлық

Сарыағашта мектеп директоры мұғалімдерден ақша сұрап, сағат бөлмей келген

Түркістан облысындағы ауыл мектебінің оқушылары ел қатарлы мектепке барып, қолдарына кітап, дәптер ұстамаған. Сарыағаш ауданындағы шағын мекемеде әлі сабақ кестесі де жоқ. Мұның бәрі директордың мұғалімдерге жүктемені бөлмегендігінен туындағаны анықталды, деп хабарлайды Аikyn.kz.

Ол сағат бөлу үшін ұстаздардан ақша талап еткен. Бұл туралы «АМАNAT» партиясы жанындағы Республикалық білім және денсаулық сақтау кеңесінің отырысында құқық қорғаушы Айгүл Орынбек айтты. Ал құзырлылар бұдан бейхабар болып шықты, деп жазды Астана арнасы.

Құзыретті орталық мемлекеттік органның жергілікті атқарушы билік органы Білім басқармасымен байланысының жоқ екеніне көз жеткізіп отырмыз.

Мәселе сонда. Сіз әкімдікке, білім басқармасына сілтейсіз. Одан бөлек, сапаны қамтамасыз ету комитетіне сілтейсіз.

Ал соңында әлі күнге дейін мұғалімдердің сабақ жүктемесі бекітілмеді дегеніміз не сөз? Ол айлық алмайды деген сөз. Айлық алмайды дегеніміз не сөз? Ол әлеуметтік теңсіздікке және әлеуметтік наразылыққа алып келеді деген сөз. Ал ол жүктеме қыркүйек айында тамыз кеңесіне дейін бекітіліп болу керек,

дейді депутат Жұлдыз Сүлейменова.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago