Categories: Қоғам

«Сататынын сатты да кетті. Қоқыстың бәрі қалды»: алматылықтар гүл сатқандардың ісіне ашулы

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы Райымбек даңғылында түсірілген видео тарады. Видеодан соңғы күндері гүл саудасы қызу жүрген орындардың қоқыс үйіндісіне айналғанын көруге болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мереке қарсаңында Алматы көшелерінде қызғалдақ, раушан және басқа да гүлдер бірнеше күн бойы сатылды. Сұраныс көп болғандықтан сауда 8 наурызда қас қарайғанша саябырсыған жоқ.

Алайда гүл саудасын дөңгелетіп, пайдаға кенелген саудагерлер табыс тапқан орындарын жинап кетпеген. Қоқыстарын шашып, көшені үйіндіге айналдырған.

Сатушылардың бұл ісі видео авторын ашуландырған.

8 наурыз өтті. Барлық сатушылар сататынын сатты да кетті. Қоқыстың бәрі қалды. Арғы жақта жағдай тіпті сұмдық,

дейді қала тұрғыны.

Біз Алматы әкімдігі мен Алматы Полиция департаментіне түсініктеме алу үшін хабарластық. Ведомстволар жағдайды анықтауға уәде берді.

Қоғамдық орындарда қоқыс шашып кетуді ұсақ бұзақылық болып саналады. Мұндай әрекет үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша айыппұл немесе әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалуы мүмкін.

Айта кетейік, елімізде өткен жылы кесілген гүлдер мен бүршіктердің тауар айналымы 48,8 млн АҚШ долларын құрады.

Биыл да гүл саудасы қызып тұр. Қаңтар-ақпан айларында Қазақстанға салмағы 1 341 тонна гүл немесе 24,6 млн дана гүл талы әкелінген, оның құны 9,5 млн АҚШ долларына тең.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago