Сатыбалдының соты басталды

Астанадағы № 2 Байқоңыр аудандық сотында Қайрат Сатыбалдыұлының үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша сот басталды. Соттың алғашқы отырысы 16 қыркүйекте өтті, деп хабарлайды Abai.kz.

Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыға «Өзгенің сеніміне кіру немесе алдау арқылы мүлкін бүлдіру» және «Өзгенің мүлкін меншіктеу немесе талан-таражға салу» баптары негізінде айып тағылған.

Қазақстанның жемқорлықпен күрес жөніндегі қызметі Қайрат Сатыбалды ісін тергеу аяқталғанын 24 тамызда жариялаған. Сол кезде мемлекеттік қызмет «тергеу барысында заңсыз жолмен келген 500 миллион доллардан аса қаражат мемлекетке қайтарылды» деп хабарлаған. Бұған қоса, «салық пен кеден алымдарын төлеуден жалтару, заңсыз табысты заңдастыру» айыптары бойынша қосымша тергеу жүріп жатқаны мәлім болған.

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі, 51 жастағы Қайрат Сатыбалды «Kaspi.kz» АҚ негізгі акционері болды. Ол әр жылдары мемлекеттік қызметте істеді. 2000 жылдары Астана қаласы (қазіргі Нұр-Сұлтан) әкімінің орынбасары, «KazakhOil» компаниясының вице-президенті, «Қазақстан темір жолы» компаниясының бірінші вице-президенті болды. 2010-2015 жылдары президенттіктен кетсе де, билікке ықпалын сақтауға тырысқан ағасы, бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясында хатшы болды.

Биыл қаңтарда жарық көрген зертеуінде Азаттық Люксембургтің LRB реестріндегі дерекке сүйеніп, Қайрат Сатыбалдының Skyline Investment Company S.A. офшор фирмасының жалғыз құрылтайшысы екенін жазған. Ашық дереккөзге сүйенсек. 2016 жылы Сатыбалды Alatau Capital Invest деп аталатын компаниясы арқылы «Қазақтелекомның» 4 пайызға жетпейтін акциясын сатып алған.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago