Categories: Оқиға

Сатыдағы екі оқушының өлімі: кім кінәлі?

Алматы облысының Кеген ауданындағы Саты ауылында қайғылы жағдай орын алды. 10-сыныптың екі оқушысы айналдырға екі күнде қайтыс болған. Бірін жоғарғы сынып оқушысы ұрып өлтірді десе, екіншісі өзіне қол салған.

Білім басшылары қайда қарап отыр?

Көлсайдың кіре берісіндегі Саты ауылында екі оқушы көз жұмды. Екі күн бұрын 10 сыныптың баласын үлкен кластың оқушысы ұрып өлтірген. Осы ақпаратқа есеңгіреп отырғанда ауылдан таңатпай тағы қаралы хабар жетті. Дәл осы ауылдағы 10 сыныптың тағы бір оқушысы бүгін асылып өліпті. Айналасы екі күнде бір ауылдан, бір мектептен, бір сыныптан екі оқушы бақилық болды, деп жазды журналист Диас Нұрақын Facebook парақшасында.

Айтуынша, бірінші өлімнен кейін ауылда жиналыс болып, тексеріс басталыпты. Тіпті мектептің завучын жұмыстан алып тастады деген ақпарат жетті.

Өрімдей жастар өліп жатқанда завучты қуып жібергендері қызық екен? Меніңше мектеп директорнынан бастап, аудандық, облыстық білім бөлімінің басшыларын түгел жауапкершілікке тарту керек. Ауылдағы құқықтық тәртіпті қадағалай алмаған полицейлер мен идеологияға жауапты аудандық шенеуніктер де жазасыз қалмауы тиіс,

дейді ол.

Үлгілі ауыл болған

Алайда, Сатының бұрынғы тұрғыны, журналист Ербол Азанбек оқиға орнына барып, мән-жайды біліп қайтқан. Айтуынша, оқиғаның мән-жайын толық түсінбей, жұрт болып прокурор болу әлі ерте.

Фактмен нақты ақпарат болса тарат, болмаса лайк үшін лапылдамасақ. Фб-да отырып алып отқа май құюдан жазықсыз адамдар жапа шекпеуі керек. Дәл қазір мектеп ұжымы, бүкіл ауыл тұрғындарына қиын. Фб-да Сатыда сұмдық болыпты, ананы орнынан алу керек, соттау керек деу өзі әл үстінде жатқан адамды қылқындыру сияқты. Ә/ж арқылы қысым жасауды қояйық.

Барлық жерде тура өзіміз сияқты адамдар жұмыс істейді. Ешкім адам өлімі болсын, демейді. Саты қазақи, бәрі бір-біріне туыс, (бұл оқиғаға қатысы бар баланың бәрі қыз алыспайтын аталас туыс), бейбіт ауыл. Ұрлық-қарлық жоқ. Ауылдағы кішкентай оқушыларға дейін жазда табыс табады. Ақша бопсалау, деген жоқ. Мектеп, аудандық білім бөлімі өз деңгейінде жұмыс істеп жатыр,

дейді Ербол Азанбек.

Азанбектің айтуынша, бірінші оқиға кешке қарай, мектептен тыс кезде болған. Ұрған бала бір-бір түйреп өткен. Қайтыс болған бала шетте тұрып, шүйдемен құлап жүріп кеткен. Екінші бала оқиға кезінде қасында болған, шок алса керек, досын жерлеген түнде өзіне қол салған.

Бір нәрсе анық зорлық-зомбылық, қинап өлтіру, түрлі видеолардағыдай асқан қатігездік жоқ. Бұл арқылы біреуді ақтау ойда жоқ. Адам өлімін еш нәрсемен ақтап ала алмайсың. Тек болған нәрсе әсіреленбей болғандай айтылса. Өйткені мұнда екі баланың өлімімен қатар талай тағдыр шешілгелі тұр,

деп ескертті ол.

Жазатайым оқиға?

Ал БАҚ-тың мәліметіне сүйенсек, оқиға 11 сәуір сағат 23:00 шамасында болған. 10 және 11-сынып оқушылары арасында кикілжің туып, оқушылар өзен бойында кездесуге шығады. Сол жерде болған балалардың айтуынша, күдікті марқұмның кеуде тұсынан ұрған, ол шалқалап барып құлаған. Жасөспірімді қасында тұрған балалар тұрғызбақ болған. Алайда Мирастың жүрегі тоқтап қалған. Жанұшыра жүгірген жасөспірімдер ауыл мейірбикесі мен үлкендерді көмекке шақырған. Бірақ бәрі кеш болған.

Қайтыс болған Мирас Әскербайдың әкесі ауылда электрик, анасы мектепте қызмет етеді. Жасөспірімді өлтірді деген күдікке ілінген 17 жастағы оқушының әкесі де еңбекқор жан, нан пісіріп сататын азамат екен.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі күдікті оқушының қамауға алынғанын хабарлады. Бұл дерек аудандық полицияда ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді. Сот-медициналық сараптама жасалады, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago